25.3 C
Shymkent
19 июля, 2024
Ақпарат Жаңалықтар Түркістан

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ДРЕНАЖДАР ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, ӨНІМ САПАСЫ АРТАТЫН БОЛАДЫ

Негізгі табысы агросектор саналатын Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы саласын, оның ішінде ағын су бағасын тұрақтандыру, жеңілдетілген жанар жағар май мен минералды тыңайтқыштардың уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету, егістікке қажетті ағын су тапшылығын төмендету үшін каналдарды жөндеуден өткізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының тікелей бақылауында.

Жетісай ауданына жасаған іс-сапары барысында өңір басшысы Ынтымақ ауылдық округіндегі тік дренажды ұңғымаларды қазу бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, сапасын көрді. Жалпы Жетісай ауданы бойынша қалпына келтірілетін 210 дренаждың құрылыс жұмыстары 2023 жылдың қараша айында Мақталы, Қызылқұм, Абай, Ынтымақ, Ш.Ділдабеков және Ж.Ералиев ауылдық округітерінде басталған болатын. Айта кетейік, ауданда тік дренаждардың істен шығуының салдарынан жер асты суы өз деңгейінен жоғары көтеріліп, егістік алқаптарда өнімнің сапасы мен көлемі төмендеген. Жауын-шашында судың жерге сіңуі қиындап, тұрғындар үйіргелік жерлеріне бау-бақша егуден қалған. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі есебінен жүзеге асырылып жатқан тік дренажды ұңғымаларды қалпына келтіру жобасы келер жылдың желтоқсан айында толықтай іске қосылып, нәтижесінде 37 мың гектардан астам суармалы жерлердің мелоративтік жағдайы жақсаратын болады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Қатты қорықтық». Алматылық тұрғындар жер сілкінісіне тасаттық берді

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ ӘРІПТЕСТЕРІН АТЫП ӨЛТІРДІ

AdiletTV

1688 Alibaba Қазақстан нарығына шықты

Пікір қалдырыңыз