4.3 C
Shymkent
10 ноября, 2024
Ақпарат Шымкент

«БЕРЕКЕ БІРЛІКТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ҚАЗАҚТЫҢ БАЙТАҚ ДАЛАСЫ БҮГІНДЕ 130-ДАН АРТЫҚ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНЕ ОРТАҚ ОТАН БОЛЫП ТҰР. СОЛ СЕБЕПТІ ДЕ 1 МАМЫР – ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ. ӘРІ БҰЛ КҮН, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ҮШІН ЕҢ ІРІ МЕРЕКЕЛЕРДІҢ БІРІ. ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ ӨҢІРЛЕРІНДЕ ДЕРЛІК 1 МАМЫР ТОЙЛАНАДЫ. МАҚСАТЫ, ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҮРЛІ ҰЛТ ПЕН ДІН ӨКІЛДЕРІНІҢ БІР-БІРІНЕ ДЕГЕН СЫЙ-ҚҰРМЕТІН АРТТЫРЫП, ТАТУЛЫҚТЫ, БІРЛІКТІ, ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НАСИХАТТАУ. ДӘЛ ОСЫНДАЙ МАҚСАТТА ҚАЛА ӘКІМІ МЕН БІРЛЕСЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында ұйымдастырылған жиынға қала әкімі, мәслихат төрагасы, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен ассамблея жанындағы коғамдық құрылымдардын төрағалары, «AMANAT» партиясы филиалының аткарушы хатшысы, кәсіпкерлер палатасының директоры және біркатар кәсіпкерлер мен волонтерлар және «Ассамблея жастары» ұйымының жетекшілері қатысты. Су тасқынынан зардап шеккен өнірлерге гуманитарлық көмек жинап, жөнелтуге атсалысқан азаматтарға алғыс айтқан қала әкімі игі іске жұмылған жандарға шынайы ризашылығын білдірді. Сын сағатта халқымыздың мызғымас бірлігі айқын көрінді. Игі іске жұмылған белсенділер алыстагы ағайынға дер кезінде демеу болды,- деді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков.

Жиында су тасқынынан зардап шеккен өнірлерге гуманитаралық көмек көрсету жөніндегі қалалық ҚХА жанынан құрылған штаб жетекшісінің орынбасары, қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Юрий Пан, Шымкент қаласы бойынша Ұлттық волонтерлік фронт офисінің жетекшісі Қайыржан Бөгенбай, калалық кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова сөз сөйлеп, атқарылған жұм ыс жайын баяндады.

Қатысушыларды тыңдаған қала әкімі Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының 33-сессиясында жүктеген тапсырмаларын жергілікті жерде нәтижелі орындау үшін жоспар әзірлеп, кешенді жұмыстарды жүйелеуді тапсырды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 2024 жылғы 12 сәуірдегі №24-35-2.43 шешіміне сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы кұрамына жаңадан қабылданған мүшелеріне ҚХА Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың қолы қойылған куәліктерді табыстады. Және көктемгі су тасқыны салдарымен күреске белсене қатысқан 12 азаматты Алғыс хатпен марапаттап, 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Павлодар облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

AdiletTV

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»АПТАЛЫҒЫ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

AdiletTV

Алматы облысының тұрғындарына сел қаупіне байланысты ескерту жасалды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз