21.3 C
Shymkent
21 июля, 2024
Ақпарат Түркістан

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: АБАТТАНДЫРУ, КӨГАЛДАНДЫРУ, ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАҢАША ФОРМАТТА ЖҮЙЕЛЕНЕДІ

Түркістан облысыда тазалық, абаттандыру жұмыстары жаңаша бағытта үйлестіріліп, жүйелене түседі. Облыс әкімі аппаратының апталық отырысында өңір басшысы Дархан Сатыбалды тазалық пен абаттандыру мәселелерін шешудің жаңа жоспарын әзірлеуді ұсынды. «Таза Қазақстан» акциясын науқан емес, қалыпты өмір дағдысына айналдырып, жыл он екі ай бойы осы бағытта жұмыс жүргізуді тапсырды. Сонымен бірге көшесін, ауылын таза ұстаған тұрғындарды ынталандыру мәселесін көтерді. Мысалы, әлеуметтік нысандар мен жолды бірінші кезекте тазалық талаптарын сақтаған елді мекендерге салып беру және де ынталандыру шараларын әзірлеуді жүктеді.

Мәжілісте Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов «Таза Қазақстан» акциясының үш аптасында атқарылған істерге тоқталды. «Таза өлке» науқанында 4352 шақырым көше бойлары және 120 мың шақырым аяқжолдар тазаланды. Бұдан бөлек, 608 шақырым өзен, көпір, канал бойлары және 1380 көпқабатты тұрғын үйлер аулалары тазаланған. Жалпы 1225 тонна қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстарға 14571 адам, 692 техника тартылды.

Өңірдегі республикалық жолдардың 80% немесе 555 шақырымы тазартылды. Облыстағы 1 270 аялдаманың 1 004-і ретке келтіріліп, 79%-ға орындалды. Осы салада жауапкершілік пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, Полиция департаменті тарапынан жыл басынан бері 6539 шаралар қолданып, жалпы көлемі 80 млн. теңгеден аса айыппұл салынған.

Тазалық жұмыстарын жандандыру үшін ұсыныстар енгізілді. Бүгінде өңірде санитарлық тазалық бағытында 5 925 адам қызмет көрсетеді. Оның ішінде: 1 665-і КММ жұмысшылары болса, қоғамдық жұмыспен 4 260 адам тартылған. Сәйкесінше, бұл топтарды тиісті техника және жеткілікті құрал жабдықтармен қамту, бөлінген ірі топтардың 1 айлық тазалық кестесін бекіту туралы да ойлар айтылды. Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қаржы көлемін ұлғайту, техникалармен қамту, елді мекендердің тазалығын сақтауға жұмысшылар мен техника санын көбейту мәселелері де көтеріліп, тиісті ұсыныстар хатамаға енгізілді. Бұл бағытағы жұмыстар зерделеніп, іс-шаралар жаңаша форматта жүйеленбек.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ГФР ФЕДЕРАЛДЫҚ КАНЦЛЕРІ ОЛАФ ШОЛЬЦПЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

AdiletTV

Дағыстанда белгісіз біреулер православ шіркеуі мен синагогаға шабуыл жасады

AdiletTV

КЕЛЕСТІК КӘСІПКЕР ҚЫТАЙ САПАРЫНАН СОҢ ЦЕХ АШТЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз