29.3 C
Shymkent
Шілде 12, 2024
Ақпарат Түркістан

МАҢДАЙ ТЕР, ТАБАН АҚЫНЫ ЖЕГЕНГЕ ЖАЗА БАР МА НЕМЕСЕ ДЕПУТАТ УӘДЕСІНДЕ ТҰРА МА?!

Түркістан облысы Сауран ауданында бір топ азамат 1 жылдан бері еңбекақысын ала алмай сандалып жүр. Оларды депутатының туған бауыры бас қалаға жұмысқа шақырып, еткен еңбек ақысын бермей, тіпті кейбіреуінің атынан несие рәсімдеп ақыр-аяғы тақырға отырғызып кетті деп жыларман күйде. Ал, бұл мәселеден халық қалаулысының хабары болса да, аулдастарының проблемасын шешіп беруге депутат құлықсыздық танытқан көрінеді. Ауылдастарының ақысын бермей, қан қақсатып тайраңдап жүрген жігіт қай депутатының бауыры?

Бұл азаматтар ауылдан мардымды жұмыс таппаған соң отбасын асырау үшін қара жұмысқа жегіліп Астанаға аттанған. Алайда, бірнше ай бойы маңдай терін төгіп, адал еңбегімен ауыр жұмыс істеген олар еңбек ақысын ала алмаған. Ақшасын бірнеше айлап күткен олар ақыр-аяғы ауылына бір тиынсыз қайтыпты. Ал, олдарды жұмысқа шақырған аудан депутатының туған інісі Хажиев Шахзот сол күйі азаматтардың ақысын бермепті.

Міне содан кейін Иқандық жігіттер өз еңбек ақысын беруді талап етіп, Хажиев Шохзотқа барған. Алайда, депутат Хажиев Махсуттың туған бауыры Хажиев Шахзот ағасына арқа сүйеген болса керек ақысын сұрап келген жігітті соққының астына алыпты.

Ол аздай, Хажиев Шахзот жұмыс істеген адамдарын еңбек ақсын жеп қана қоймай, кейбіреуінің сеніміне кіре отырып, өзім төлеп беремін деп несие рәсімдепті. Алайда, білдей бір халық қалаулының інісі тағы да жұмысшы азаматтарды алдап, сан соқтырып кетті дейді шағымданушы.

Осылайша, қара жұымыс істеген қарапайым жұмысшылардың маңдай терімен тапқан еңбек ақысын әне-міне беремін деп жүргеніне бірнеше айдың, тіпті кейбіреуіне 2 жылдан асыпты. Алайда, Хажиев Шохзот пен оның туған ағасы депутат Хазиев Махсут берген уәде айтылған мерзімде сол күйі орындалмай қашып жүр дейді шағымданушылар.

Аталған мәселенің мән-жайын білмек болып, Хажиев Шохзоттың өзіне байланысып көрдік. Алайда, Шохзоттың өзімен телефон арқылы байланысу мүмкін болмады. Сөйтіп, Сауран ауданының депутаты, туған ағасы Хажиев Махсуттан мәсленің ақ-қарасын сұрап көрдік. Оның айтуынша, інісі осындан бірнеше жылдар бойын Астана қаласына жұмысқа кеткен және қазір сол қалада тұрады екен. Ал, ініммен өте сирек хабарласамын деген ол бұл мәселені ауыл азаматтарынан білдім дейді.

Кейінен халық қалаулысы мәселеге телеарнамыздың араласуынан кейін еңбек ақсын ала алмай жүрген азаматтармен кездесті. Депутаттың айтуынша бұған дейін де бұл азаматтармен кездесіп мәселені шешемін деп ұсыныс жсасап, мәселені шешіп беремін деп уәде беріпті

Біз халық қалаулысына күйе жағудан аулақпыз. Дегенімен Депутат– ең әулі халық қызметшісі екенін естен шығармаған жөн секілді. Қортындылай келе Алдағанда, алданған да, депутатта Ескі Иқанның азаматтары. Енді Алдаған емес, Алданған кінәлі болып жүрмесе игі.
Бауыржан Ибрагимов Нұржан Сейдазимов Антон Семенов Қайыржан Бекберген Әділет Ақапарат

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қоқыстан бесік тауып алған Жұлдыз Әбдукәрімова көз жасын тыя алмады

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ШАРУА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮРЛІ ТҮСТІ ФОРЕЛЬ БАЛЫҒЫН ӨСІРІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ДУБАЙДА ӨТКЕН БІЛІМ САЙЫСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Пікір қалдырыңыз