6.3 C
Shymkent
24 октября, 2024
Ақпарат

«Су деңгейі түспей тұр»: Ақтөбе облысындағы ауыл биіктігі үш метр суда қалды

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Нұра ауылы екі аптадан бері суда тұр. Өткен жылы 115 млн теңгеге салынған ауыл әкімдігінің ғимараты да суда қалды. Өңірдегі тілшіміз ауылдың қазіргі жай-күйімен танысып, тұрғындарымен тілдесіп қайтты.

Нұра ауылының халқы 12 сәуірден бастап эвакуацияланды. 14 сәуірде бөгеттер бұзылып, ауылға су лап етті. Алғашында ауылдың «Түбек» деп аталатын төменгі бөлігіндегі 34 үйге су кірді. Кейін арнасынан асқан Тоғай өзені ауылдағы 100-ден аса үйді алып кетті. Қазір ауыл ішіне кірген су деңгейі шамамен үш метрге жеткен.

Нұра ауылында барлық әлеуметтік нысан түгел суда тұр. Былтыр ғана жөндеуден өткен екі қабатты ауыл мектебі, ауыл клубы, балабақша белуардан суда.

Ауылдағы бес дүкеннің шатыры су бетінде қалқып жүр. Мешіт те су ортасында. Балалардың ойын алаңы мүлде көрінбейді. Делінген t.me/kaznurkz порталында

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

AdiletTV

САЙРАМДЫҚ ОҚУШЫЛАР ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ БОЛДЫ

AdiletTV

ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз