25.3 C
Shymkent
22 июля, 2024
Ақпарат Жаңалықтар Шымкент

«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ ЖАЛҒАСУДА

«Өнегелі ұрпақ» пен апталығы аясындағы ісшаралар аудандарда қарқынды түрде жалғасуда. Мәселен, Таза Қазақстан акциясы аясында Өнегелі ұрпақ апталығы Қаратау ауданы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Ал, Қаратау ауданында 1 аптаның ішінде бірнеше округте тазалық жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, аудан тұрғындары қарттарға көмектесіп, игі бастамаға ат салысқан.

Экологиялық акцияның бұл аптасы «Өнегелі ұрпақ» деп аталады. Оған аудан тұрғындары мен мердігер мекеменің қызметкерлері қатысты. Олар белгіленген орындарда тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмысын жүргізді.

Аталған іс-шарадан тұрғындар да қалыс қалмады. Аудан аймақтарын тазалап, тұрғын үйлердің аулаларын қоқыстардан тазартуға кірісті. Эко-акцияға аймақтағы азаматтар белсенді қатысуда.

Айта кетейік, Шымкентте республикалық акция басталғалы бері тазарту, абаттандыру жұмыстарымен қоса көшеттер мен түрлі гүлдер отырғызу жұмыстары да жалғасып жатыр. Қала көшелерінің жағалауына отырғызылған алқызыл, сары, көк гүлдер қаланың ажарын аша түсуде. Дегенмен, тек қана көшеттер мен гүлдер ғана отырғызылып жатқан жоқ, сонымен бірге күнделікті тазалық жұмыстары да тоқтаусыз атқарылып жатыр.

Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берген болатын. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелген еді. Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Науқан 5 аптаға созылады. Айта кететін жайт әр аптаның тақырыбы және мақсаты айқындалған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«НАУРЫЗ ДУМАН» ГАЛА КОНЦЕРТІ ТҮРКІСТАН АСПАНЫН ӘН МЕН КҮЙГЕ БӨЛЕДІ

admin

Макрон Украинаны «өте тез» жеңу қаупі туралы мәлімдеді — БАҚ

admin

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АРЫСТАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз