Жаңалықтар Шымкент

ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ-ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Өнегелі ұрпақ-өнегелі іс. Дәл осындай тақырыпта Ы.Алтынсарин атындағы №65-ші мектеп-гимназиясында мектеп түлектерімен кездесу өтті. Талай дүлділді тәрбиелеген білім ордадан түлеп ұшқан білім алушылар қызықты естеліктерімен бөлісіп, жастарға керекті кеңес берді.

Мектеп – жастардың талантын шыңдап, даналардың түлеп ұшар тұғыры. Ұлттың рухани байлығы – білімінде болса, ұстанар бағыты — тәрбиесінде. Таразы басын тең ұстаған түлектер өмірде қол жеткізген мақсат-мұраттарымен бөлісіп, ізбасарларына ақыл-кеңестерін айтты. Бүгінде бір-бір маман иесі атанған түлектердің білікті білім ошағы мен ұлағатты ұстаздарына деген ақжарма алғыстары ақтарылды.

Кездесу соңында ұрпақ тәрбиелеу жолында адал қызмет етіп келе жатқан мұғалімдерге ерекше ілтипат көрсетілді.

Бөлісу

Related posts

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ҚАЛА ӘКІМІ ЕЛ АҒАЛАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ КӨШЕТТЕРІН ОТЫРҒЫЗДЫ

admin

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ҚАТЫСУМЕН АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

AdiletTV

Алматыда екі троллейбус жүргізушілерінің төбелесі видеоға түсіп қалды

admin

Leave a Comment