25.3 C
Shymkent
22 июля, 2024
Ақпарат

ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША ТҮРКИЯНЫҢ АТАҚТЫ КОМПАНИЯСЫМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркияның атақты «Alarko Holding» компаниясының өкілдерімен кездесті. Атап айтқанда, «ALSERA KZ» ЖШС-нің директоры Гюнай Гокалппен кездесіп, әріптестік орнату, инвестиция тарту жөнінде келіссөз жүргізді. Нарықта 30 жылдық тәжірибесі бар компания Сайрам ауданында 100 га аумаққа заманауи жылыжай кешенін салып, қызанақ егетін болды.

Келешекте Түркістан қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында және оңтүстік аудандарда жылыжай ауқымын арттыруды жоспарлады. Сондай-ақ экзотикалық көкөніс түрлерін өсіруді көздейді. Нәтижесінде Түркістан облысында жылыжай көлемі ұлғайып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Облыс әкімі инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетілетін айтты.

Корпоративтік даму шеңберінде 2030 жылға дейін ауыл шаруашылығы мен азық-түлік секторына инвестиция салмақ. Ең алдымен жылыжай шаруашылығына, минералды тыңайтқыштарға, азық-түлікті өңдеуге және сатуға, сондай-ақ ауылшаруашылық технологияларына назар аударуда. 2023 жылдың мамырында «Alarko Holding» Түркияда жылыжай алаңдарын бөлу жұмысы басталғанын жариялады. 2028 жылға қарай компания шамамен 5 000 000 м2 жылыжайда 300 000 тонна көкөніс пен жеміс өндіруді жоспарлап отыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БҰҰ РАФАХ ҚАЛАСЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДІ ТОҚТАТТЫ

AdiletTV

Экс-министр Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды

AdiletTV

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Пікір қалдырыңыз