21.3 C
Shymkent
21 июля, 2024
Ақпарат Шымкент

САН ҚЫРАНДЫ САМҒАТҚАН- АЛТЫН ҰЯ!

Ә.МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ №29 жалпы орта мектебі 60 жыл толуын атап өтті.Білім ордасының іргетасы Шымкент қалалық депутаттарының шешімімен 1964 жылы қаланған болатын.

Мерейтойға арнайы шақырылған ардагер ұстаздар,мектептің бұрынғы түлектері білім ұясының қазіргі жетістіктеріне куә болып, қуанышқа кенелді.Мерейтойға арналған салтанатты шараға Шымкент қаласы маслихатының төрағасы, Аманат партиясы қалалық филиалының төрағасы қатысып, А. Молдағұлованың ерліктерінен естеліктер айтып,сондай ақ мектептегі сапалы білімнің негізін қалаған білікті ұстаздардың еңбегі айрықша екендігін айтты.

Мектептің тарихи жолы 1963 жылы іргетасы қаланып,1964 жылы оқушылар қабылдап, оқу үрдісімен басталған.Мектепке Кеңес Одағының батыр қызы Әлияның есімі берілген.Қазақстанның алғашқы жылдары, бүгінгі Жаңа Қазақстанның қалыптасуы білім ордасының жұмыс бағытына оң септігін тигізіп отыр.Сонау жылдардан, бүгінгі күнге дейін жылдар өтіп, қаншама ұрпақ ауысса да оқу үрдісі жалғасып, дәстүрлі білімнің даңғыл жолдарын салып отыр.

«Ағаш жапырағымен, адам ұрпағымен, ал ұстаз шәкіртімен көрікті» деген. Осы мектептен білім нәрін алып, көктеген талай жас шыбықтың тамыры тереңдеп еменге айналғанына Қазақ елі түгел куә. 60 жылда талай ұрпақ білім алып, тәрбие көріп, болашаққа қадам басты. Аудан, облыс, әрісі республиканың экономикасы мен мәдениетіне үлестерін қосуда.Шара аясына еліміздің түкпір-түкпіріне жиналған түлектер, ақжарма тілектерін айтып,шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҰЛТТЫҚ СПОРТ РУХЫМЫЗДЫ АСҚАҚТАТТЫ

admin

Ресейде белгісіз адам атыс ұйымдастырды

AdiletTV

ЕЛДЕ ҚАЙТА СУ ТАСҚЫНЫ ЖҮРДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз