21.3 C
Shymkent
21 июля, 2024
Ақпарат

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

Түркістан облысында 40-қа жуық тоқтап қалған газ нысандарының мәселесі шешілді. 1,5 жылдың ішінде саладағы «сақалды құрылыс» ретке келтіріліп, 120 мың абонент табиғи газбен қамтылды. АГРС проблемасы жақын уақытта толық шешілмек. Бұл жұмыстар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауымен жүзеге асуда.

Қазығұрт ауданында тағы бір автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды. Нәтижесінде 9 елді мекен халқы табиғи газбен қамтылмақ.Құрылысы 2017 жылы басталып, аяқсыз қалған нысан облыс әкімінің тапсырмасымен назарға алынып, жұмысы аяқталды. Оған республикалық бюджеттен тиісті қаржы қаралған. «Шанақ» автоматты газ тарату станциясының құрылысы барысында жалпы 18 000 метр газ құбыры тартылған.Қазығұрт ауданына арнайы іссапармен келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды газ тарату станциясының іске қосу жұмыстарымен танысып, Шанақ ауыл округі, Ақжар елді мекенінде халықпен жүздесті. Ауылдарды дамыту бойынша ақсақалдармен ақылдасты.

Түркістан облысында былтыр 111 мыңнан астам халық газбен қамтылған. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш. Яғни газбен қамтылған әрбір 3-ші ауыл Түркістан өңірінде орналасқан. Одан бөлек, соңғы 10 жыл аралығында құрылысы жүргізіліп, іске қосылмаған нысандарды қосу бойынша жұмыстар қарқын алды. Халық санымен есептегенде, 1 млн 650 мыңға жуық халық не облыс тұрғындарының 77,8 пайызы табиғи газбен қамтылған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

САЙРАМДЫҚ ОҚУШЫЛАР ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ БОЛДЫ

AdiletTV

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙДЫ ТУРИЗМ БАҒЫТЫМЕН ҮЙЛЕСТІРЕ ДАМЫТУ ҰСЫНЫЛДЫ

БАС ШТАБ БАСТЫҒЫ ЕЛДІҢ ОҢТҮСТІГІНДЕГІ ГАРНИЗОНДАРҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз