25.3 C
Shymkent
22 июля, 2024
Ақпарат

Тоқаев православ қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Құрметті еліміздің православ қауымы! Баршаңызды Пасха мерекесімен құттықтаймын! Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады. Жалпыұлттық мәдени кодымызбен берік сабақтасып жатқан Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелейді.

Сондай-ақ мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақырады. Православ қауымы қоғамда өзара түсіністік пен келісімді сақтауға, бірлік және тілеулестік сияқты басты құндылықтарды орнықтыруға зор үлес қосып келеді. Біз халқымыздың қайсарлығы мен ынтымағының арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құру үшін биік белестерді бағындыра береміз. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!», — деді Президент.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Лионель Месси MLS-те екі жаңа рекорд орнатты

AdiletTV

ЖЕТІСАЙЛЫҚ КӘСІПКЕР ӨЗ ҚАРЖЫСЫНА 50 ПӘТЕРЛІ 2 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫП ЖАТЫР

AdiletTV

Мемлекет басшысы Ұлттық ұлан авиабазасының ашылу рәсіміне қатысты

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз