38.3 C
Shymkent
3 июля, 2025
Ақпарат Соңғы жаңалықтар Шымкент

Шала туған нәрестенің денесін ауруханаға тастап кеткен

Естеріңізде болса Шымкентте 2024 жылғы 7 мамырда сағат 21:30 шамасында N2 облыстық перинаталдық орталықта әйел шала туған нәрестенің денесін жәшікке салып тастап кеткен болатын.

Дәрігерлердің айтуынша, ұрықтың дамуы жүктіліктің төртінші айына сәйкес келеді.»Оның қалай дүниеге келгені белгісіз. Сарапшылар әйелдің мерзімінен бұрын босануын тудыратын дәрі қабылдағанын жоққа шығармады. Мәйіттен басқа қораптан жазба да табылған еді.

Аталған жайт бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде азаматша анықталып, ұсталды. Ол қала тұрғыны болып шықты. Қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде. Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Түркістан облысында үш күн бойы іздестірілген үш жасар қыздың денесі табылды

AdiletTV

ЕЛІМІЗДЕГІ ГАЗ САЛАСЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРІСТЕРДІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ КАДЕТ СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз