25.3 C
Shymkent
19 июля, 2024
Ақпарат Басқада

Елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі

Синоптиктер ескерту жасады.Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл болады. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.

Алматы облысы және Алматы қаласының тау етегіндегі, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудадарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с.

Алматыда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с.

Ұлытау облысының орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, күндіз облыстың таулы аудандарында бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай, дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Ақмола облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. 11 мамырда облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. 11 мамырда облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ТЕННИСТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

AdiletTV

БАЛАЛАР ТЕМІР ЖОЛЫНЫҢ БОЙЫ ЖАҢА СЕРУЕН АЙМАҒЫНА АЙНАЛАДЫ

AdiletTV

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНЫП ЖАТҚАН КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІНЕ ЖЕДЕЛ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз