25.3 C
Shymkent
22 июля, 2024
Ақпарат

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕНТАУДАҒЫ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Кентау қаласының жылу-энерго орталығын жаңа жылыту маусымында сапалы жылумен қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде.Алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексерген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жылу көздерін жаңғырту барысын бақылап, жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Жұмыстарды белгіленген мерзімінде аяқтап, сапасына басты назар аударуды міндеттеді.

Жөндеу жұмыстарына қажетті қондырғылар шетелден тасымалданады. Осыған қатысты облыс әкімі тапсырыс беру жұмыстарын ширатуды жүктеді. Мердігерлерге кестеден қалған әр күнге айыппұл белгіленетінін ескертті. Жөндеу жұмыстарының барысы облыс әкімінің тікелей бақылауында. ЖЭО-дағы электр энергиясының генерациясы орталықтың өз қажеттіліктерін өтеуге де жетпейді, ал тариф күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Кентау тұрғындарын және әлеуметтік нысандарды сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында қазандықтардың күрделі жөндеу» жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Заңсыз жылу жүйесене қосылғандар әлі де анықталуда. Кәсіпкерлер мен жеке үйлерді тексеріледі, заңсыз қосылғандар орталық жылу көзінен ажыратылады. Тұрғын үйдің ішкі жылу құбырлары да тозған. Жаңартуға мүмкіндігі жоқ жандардың баспанасындағы жылу сапасын арттыру үшін демеушілер есебінен ішкі жылумен жабдықтау жүйелері ауыстырылуда. Бұл меншік иелеріне көрсетілетін коммуналдық қызметтің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН АКЦИЯСЫ ЖАСЫЛ АЙМАҚ АПТАЛЫҒЫМЕН ЖАЛҒАСУДА

БИЫЛ 75 МЫҢ ТҰРҒЫН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

AdiletTV

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз