Ақпарат Шымкент

САРБАЗДАР ТАНКПЕН ШАЙҚАСЫП, ОҚ-ДӘРІНІҢ ИІСІН СЕЗДІ

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты механикаландырылған бригадасының жас толымы Түркістан облысындағы оқу полигонында өзінің алғашқы жауынгерлік атыстарын орындап, жаудың танкысымен шайқасқа түсті.

«Дарбаза» полигонында осы көктемде әскерге шақырылған 170 сарбазы АК-74 қаруымен алғашқы оқ атуды және окоптан танкіге граната лақтыру жаттығуларын іс-жүзінде орындады. Окоп ұяшығына паналаған әскерге шақырылушылар әскери техниканы өздерінің үстінен өткізіп, содан кейін оған граната лақтырды.

Сынақтан өту алдында әскери қызметшілермен ұрыс машинасын, атыс қаруы мен гранатаның тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделеу бойынша сабақтар өткізілді. Сонымен қатар, жиын бастығы подполковник Қуаныш Ордабаев мұндай жаттығулар жауынгерлік дағдыларды пысықтауға ғана емес, сонымен қатар психологиялық тұрақтылықты, кез келген жағдайда жауынгерлік тапсырманы орындау қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Алғашқы әскери дайындық курсы аяқталғаннан кейін мерзімді әскери қызметшілер әскери ант қабылдайды.

Бөлісу

Related posts

СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ БАСҚАРУ-МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІ

Үндістан мен Бангладеш арасындағы шекара қауіпсіздігі күшейді

AdiletTV

Жаңа Kaspi Red+ бөліп төлеу арқылы тиімді зат сатып алуды ұнататындарға арналған

AdiletTV

Leave a Comment