29.3 C
Shymkent
Шілде 12, 2024
Ақпарат Оқыс оқиға

СУҒА ТҰНШЫҚҚАН 2 ЖАСАР БАЛАНЫ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛҒАН ПОЛИЦЕЙ ВИДЕОҒА ТҮСІП ҚАЛДЫ

Таразда полицейлердің суға тұншыққан баланы құтқарған видеосы пайда болды. Айша бибі көшесінің бойында мектеп жанындағы ағып жатқан каналға 2 жасар бала құлап кеткен. Суға тұншығып, дем алмай жатқан бүлдіршінді құтқарған сәт полиция қызметкерінің бейнежетонына түскен. Боран-3 автоэкипажы рация бойынша кезекшіден шұғыл шақырту түскен кезде өзіне бекітілген аумақты патрульдеп жүрген.

Полиция бірнеше минутта шақырту орнына келді. Бір адам баланы ес-түссіз күйде судан шығарып алған. Жедел медициналық көмек бригадасы келгенше, полиция қызметкері 10 минут жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді. Нәтижесінде бала тыныс ала бастаған. “Бала тыныс алмаса да, соңына дейін күресіп, бізге үйретілген барлық дағдыларды қолдана отырып, жүрекке массаж жасадым. Көрер жарығы бар екен, өкпеден су шығып, бүлдіршін дем ала бастады”, – деді Тараз патрульдік полиция батальонының инспекторы Дәурен Колқаев. Бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕЛДЕ ҚАЙТА СУ ТАСҚЫНЫ ЖҮРДІ

AdiletTV

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы бас бостандығынан айырмауды сұрады

Шымкент қаласының Түркістан көшесіндегі тұрғын үйдің бірінде түн ортасында Өрт шықты

Пікір қалдырыңыз