-0.7 C
Shymkent
13 февраля, 2025
Ақпарат Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынды ашқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Қазақстанның, сондай-ақ өз атынан барша Иран халқы мен оның басшылығына осы елдің президенті мен сыртқы істер министрінің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев шет мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешу жөніндегі ШЫҰ-ның маңызды форматтарының бірі екеніне тоқталды.
«Еліндегі ауыр жағдайға қарамастан Иранның, сондай-ақ алдағы уақытта қатарымызға қосылатын Беларусьтің өкілдері Астанадағы Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне алғаш рет қатысып отырғанын ерекше атап өткім келеді. Сіздердің елдеріңіз «шанхай рухын» одан әрі күшейтуге және ШЫҰ аясындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға айтарлықтай үлес қосатынына сенімдімін», – деді мемлекет басшысы.
Ол қазірдің өзінде ұйымға Еуразия құрлығындағы он мемлекет мүше екенін атап өтті. «Бұл елдерде жер шары халқының жартысына жуығы тұрады, сондай-ақ әлемдік жалпы ішкі өнімнің төрттен бірі және жаһандық сауда-саттықтың 15 пайызы осы мемлекеттерге тиесілі. Қазақстан ШЫҰ-ның төрағасы ретінде ұйымның әлеуетін одан әрі арттыру үшін бар күш-жігерін жұмсайды», – деп түйіндеді Тоқаев.

Бөлісу

Related posts

Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне бірқатар тапсырма берді

AdiletTV

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ИГІ ІСТЕ БІРІКТІ

AdiletTV

ТҮРКІСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ БОЙЫНША ЖОЛ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

AdiletTV

Leave a Comment