25.3 C
Shymkent
22 июля, 2024
Ақпарат

БАС ШТАБ БАСТЫҒЫ ЕЛДІҢ ОҢТҮСТІГІНДЕГІ ГАРНИЗОНДАРҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Шымкент, Арыс, Тараз және Луговой гарнизондарының әскери бөлімдерінде болды. Шымкент қаласында генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде болды. Бас штаб бастығы педагогтар мен тәрбиеленушілерді оқу орнының алда келе жатқан 40 жылдығымен құттықтап, даңқты жауынгерлік дәстүрлерді лайықты жалғастыруға тілектестігін жеткізді.

Әскери бөлімдерде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары әскери инфрақұрылым нысандарының жай-күйін, әскери бөлімдердің техникалық жарақтандырылуын және оқу-жауынгерлік процесті ұйымдастыруды зерделеді. Ол сондай-ақ, жөндеу шеберханаларын аралап көрді. Бас штаб бастығы алдағы оқу-жаттығуларға дайын болуы керек қару-жарақ пен әскери техниканың жағдайына ерекше назар аударды. Арыс гарнизонында Бас штаб бастығы инженерлік оқ-дәрілерді сақтау шарттарын, 44859 әскери бөлімінің техникалық аумағын тазарту жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысын және арнайы жабдықталған полигонда жарылыс қаупі бар қалдықтарды жою жұмыстарының жүргізілуін тексерді. Ол оқ-дәрі фрагменттерін тазарту және кәдеге жарату жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ерекше атап өтті. Жеке құраммен болған кездесулерде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов 2024 оқу жылының жазғы кезеңіне Қарулы күштерді дайындаудың негізгі іс-шаралары мен командалық құрамға қойылатын талаптарға тоқталды. Ол сондай-ақ әскерлердің жауынгерлік дайындық сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СУ ТАСҚЫНЫНАН МЕМЛЕКЕТКЕ МИЛЛИОНДАҒАН ДОЛЛАР ШЫҒЫН КЕЛГЕН

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

AdiletTV

Шымкентте «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы 30 мамырда өтеді

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз