21.3 C
Shymkent
21 июля, 2024
Ақпарат Шымкент

ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қала жастарының өзекті мәселелері тыңдалды. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы жөнінде кезекті алқа отырысы өтті. Маңызды іс-шара барысында мегаполис жастарына қатысты проблемалар ортаға салынды.

Жиында жастарды еңбекпан қамту және кадрлардың бір жерде тұрақты жұмыс істемеуі секілді мәселелер қаралды. Бұл әсіресе оңтүстік өңірлерде өзекті проблема. Сондай ақ, кеңес мүшелері заңсыз ойын бизнесі мен жастар арасында лудоманияның таралуы, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күреске бағытталған Кешенді жоспардың орындалуын талқылады. Жауапты мамандар өздері жетекшілік ететін бағыттар бойынша атқарылған жұмысты баяндады. Мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар берілді. Айта кетейік жиынға арнайы қатысқан қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мегаполис жасөспірімдерінің өзекті мәселелеріне тоқталып өтті.

Шымкентте жастар халық санының 31,4 пайызын алып отыр. Әр 15 минут сайын еліміздегі 8 бала шымшаһарада дүниеге келеді. Демек бұл статистика алдағы уақытта белсенді жалғасады деген сөз. Сондай-ақ қала әкімінің орынбасары жасөспірімдер арасындағы стресс пен күйзеліске тоқталып өтті. Қазіргі таңдағы жастар арасындағы өзекті проблеманы жауапты сала мамандары бірлесе отырып шешуі керек деп мәлімдеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНҒА ҚАТЫСТЫ ЖЫНЫСТЫҚ СИПАТТАҒЫ ЗАҢСЫЗ ӘРКЕТ ФАКТІСІ ТІРКЕЛДІ

САРБАЗДАР ТАНКПЕН ШАЙҚАСЫП, ОҚ-ДӘРІНІҢ ИІСІН СЕЗДІ

AdiletTV

ПОЛИЦИЯ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ӨНДІРУМЕН АЙНАЛЫСҚАН АДАМДАР ТОБЫН ҰСТАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз