21.3 C
Shymkent
21 июля, 2024
Ақпарат

ОҚУШЫЛАРҒА 22 ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында 22 жазғы сауықтыру лагері қызмет көрсетеді деп жоспарлануда. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 35482 оқушы бюджет есебінен тегін демалса, 20 мыңға жуық оқушы ата-аналар есебінен ақылы демалады. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры есебінен облыста 3421 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылмақ.

Облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде өңір басшысы Дархан Сатыбалды лагерлердің жұмысын қатаң қадағалауды және балаларға жақсы жағдай жасауды тапсырды.Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетовтың айтуынша, қала сыртындағы лагерлер маусым айынының бірінші онкүндігінде ашылып, жаз бойы 6-8 ауысымда қызмет көрсетеді.

Балаларды жазғы сауықтырумен қамтамасыз ететін лагерлер бейнебақылау жүйелерімен, күзет қызметімен, байланыс құралдарымен, өрт дабылдарымен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылатын дабыл батырмаларымен жабдықталуда.Осы орайда облыс әкімі бірқатар тапсырмалар беріп жұмысты пысықтауды тапсырды.

Сондай-ақ Түлкібас пен Төлебидегі «Самал» және отбасылық үлгісіндегі балалар ауылы лагерінде облыстағы 2 отбасылық үлгісіндегі балалар ауылындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 152 тәрбиеленуші жаз бойы демалады. Ал,тәртібі бойынша мектепішілік және полиция есебінде тұратын 1100 оқушы Төлеби ауданында орналасқан «Тау барысы» лагерінде шатырлы лагермен қамтылады. Ал жаз айларында 266 оқушы «Балдәурен» және «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру лагерлерінде тынығады. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда арнайы дайындықтан өткен 14 446 педагог қызметкер жұмыс істейді. Сондай-ақ жоғары оқу орындары мен жастар орталықтарынан 95 волонтер, 80 колледж студенті дуалдық білім беру шеңберінде тартылады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СУ ТАСҚЫНЫНАН МЕМЛЕКЕТКЕ МИЛЛИОНДАҒАН ДОЛЛАР ШЫҒЫН КЕЛГЕН

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДИҚАНДАР ЖАҢА ТӘСІЛМЕН МАҚТА ЕКТІ

AdiletTV

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУАЛАРМЕН АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Пікір қалдырыңыз