21.3 C
Shymkent
21 июля, 2024
adilettv Ақпарат

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ИГІ ІСТЕ БІРІКТІ

Таза Қазақстан республикалық акциясы аясында Шымкент қаласында тазалық күні өтуіне орай Әл Фараби ауданында тазалық жұмыстары жүргізілді. Аталмыш шараға аудан әкімі мен белсенді жастар сондай-ақ қала тұрғындары да қатысты.

«Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты — халықтың назарын табиғаттың ластану мәселесіне аудару, қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Экологиялық акция қаламыздың бірқатар аудандарында қолға алынған еді. Аталған шара шаһардағы Әл Фараби ауданында да қолдау тапты.

Науқан – қоршаған ортаның тазалығына бірауыздан атсалысуға бағытталған. Өсіп келе жатқан жас жеткіншектерге сол арқылы үлгі көрсету. Халықты табиғатты қорғауға, тазалықты сақтауға шақыру екендігін аға буын өкілдері де тілге тиек етті. Айта кетейік, акцияға қатысушылардың арасында 90 жастағы қария Өркен Әбдіреев те бар. Ол өзі тұратын ауданның тазалық жұмыстарына белсенді қатысып тұратынын айтады.

Сенбілікке қатысқан студенттер мен мамандар өз оқу орындарының ауласын ғана емес, жақын жатқан аумақтарды да қоқыстан тазарту жұмыстарына кірісті. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында науқан алдағы уақытта да жалғасады.

Аталмыш акция аясында аудандағы бірқатар аулалар мен көшелер де тазартылды. Науқаннан ешкім қалыс қалған жоқ. Мемлекеттік ұйымдардан бөлек, қала тұрғындары да белсене атсалысты. Олар мұндай акция өскелең ұрпаққа үлгі болатынын айтады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Төрт орын ғана қалған Ұлттық пантеонда кімдер жерленген?

Алматыда терезеден секіріп көз жұмған қыз — қырғыз азаматшасы

AdiletTV

Шымкентте көлік қағып кеткен 9 жасар бала қаза болды

Пікір қалдырыңыз