8.3 C
Shymkent
13 декабря, 2024
Ақпарат

ПОЛИЦЕЙЛЕР ДРОННЫҢ КӨМЕГІМЕН ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗУШЫЛАРДЫ АНЫҚТАЙ БАСТАДЫ

Ұлытау облысы полиция департаментінің патрульдік полициясы қала сыртындағы трассаларда Жол Қозғалысы Ережесін бұзушылықтарын анықтау үшін дронды пайдалана бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол ережесін бұзушылықтарды анықтау үшін ұшу аппаратын пайдалана бастады. Дронды қолдану қарсы қозғалыс жолағына шығуға және жол белгілерінің қиылысына байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау үшін, сондай-ақ патрульдік полиция нарядтарын жол жағдайы туралы хабардар ету үшін барынша орынды. Дрон тіркеген құқық бұзушылық жақын маңдағы нарядқа беріледі және полиция құқық бұзушылықтың сипатына қарай құқық бұзушыны жауапқа тарту бойынша шаралар қабылдайды. Мұндай әуе патрульдеу жол апаттарының алдын алуға және салдарының ауырлығын төмендетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ қарсы қозғалыс жолағында жүруді қалайтын, белгілеу талаптарын бұзатын, жол белгілерін бұзатын, маневр жасау, басып озу ережелерін бұзатын жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтауға көмектеседі. Ұлытау облысының полициясы жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау және қарсы қозғалыс жолағына шықпау қажеттілігін тағы да еске салады

Бөлісу

Related posts

Қазақстанда 4 пайыздық автонесие бағдарламасы тоқтатылады

Грецияда яхта жалдаған қазақстандықтар отшашу арқылы бүкіл аралды өртеп жіберді

AdiletTV

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

AdiletTV

Leave a Comment