21.3 C
Shymkent
21 июля, 2024
Ақпарат

Қазақстанда жұмысшы жетіспейді

Қара алтын мен жаңа алтынға бай елде қатардағы жұмысшы қат болып барады. Жыл өте жағдай қиындай береді дейді мамандар. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары алдағы 7 жылда жалпы сұраныс анау-мынау емес 2,2 миллион адамға жетеді деп болжап отыр. Сөйтіп, бізге нақты қандай қол күші керек?

Елдегі жұмысшы кадрлардың жетіспеушілігі жайында аз айтылып жүрген жоқ. Десе де қоғамдық қызмет секторы, тауар тарату және тасымалдау, өнеркәсіп пен бизнес қызметтері саласында мамандар әлі де тапшы. Халық саны өсіп жатқандықтан жалдамалы жұмысшыларға деген сұраныс жылдап арта бермек.

Аяшев Қайырбек, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы болжау және зерттеулер басқармасының басшысы:
— Халық көп болғаннан кейін бізде дүкендер де көп, дүкендер көп болғаннан кейін сатушылар да көп қажет. Тағы да үлкен санат бұл жүргізушілер, бізде халық көбейген сайын автобустар да көбейеді, жүк көлігі де көбейеді, жеке көліктер де көбейеді, таксилер де көбейіп жатыр. Сондықтан жүргізушілерге де үлкен сұраныс байқалады. Тіпті ауылдағы трактористерге де сұраныс жоғары.

Еңбек биржасының мәліметтеріне сүйенсек, елге оқытушылар, медицина қызметкерлері, есепшілер, күзетшілер, тәрбиешілер, инкассаторлар, аспаздар аса қажет екен. Ал еңбек мобильділігі орталығының порталында 4 мыңнан астам жұмыс беруші тіркелген. Олардың талабына сәйкес орталық та қажет кадрмен қамтуға тырысады.

Бағила Орымбетова, Астана қаласы еңбек мобильділігі орталығының басшысы:
— Жастарды жұмысқа орналастыру бойынша жастар практикасы, алғашқы жұмыс орны бағдарламалары бойынша жұмысқа орналастырылып жатыр. Елуден асқан азаматтарға күміс жас жобасы, әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыс орындары. Өз мамандығымен жұмыс таппай ұзақ жүріп қалған кісілерге қайта даярлау курстары да ұйымдастырылған.

Сондай курстардың бірінен 47 жастағы Бақыт Төлеуханқызы да өтіп, жаңа саланы игеріп, қоғамға қажет қызметке кіріспек.

Бақыт Жұмаділова, Астана қаласының тұрғыны:

— Мен әскери қызметте жүріп, бір өзімнің хоббиімді жасай алмай жүретінмін. Қолымнан келмейтін еді тігін тігу. Бірақ өте қызығатынмын. Қазір мына жерде тігін тігу өнерін үйретеді дейді. Тігін курсын өтсем, жұмыс бірден қамтамасыз етеміз деді ғой. Сонысы ұнады, мен жұмыс іздемеймін, қиналмаймын да. Содан кейін енді ары қарай мүмкін өзімнің ательемді ашатын шығармын.

Болжам бойынша алдағы 7 жылда Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жалдамалы жұмысшыларға деген қажеттілік 295-тен 574 мың адамға дейін артпақ. Бұл жалпы республикалық көрсеткіштің 25-26% құрайды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПРЕЗИДЕНТ ИОРДАН ХАШИМИТ КОРОЛІНЕ ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

AdiletTV

Алматыдағы автобус апаты: ата-анасынан айырылған жәбірленуші қатаң жаза талап етті

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУАЛАРМЕН АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Пікір қалдырыңыз