8.3 C
Shymkent
13 декабря, 2024
adilettv Білім

«МАШАТ АРАСАН» ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Оқушылар үшін ең қызықты мезгіл – жаз маусымы. Үш ай демалыста балалар алаңсыз асыр салып ойнап, бір жасап қалады. Бұл уақытта бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің көпшілігі лагерьге баратыны да сөзсіз. Яғни, лагерь олар үшін – жаздың көркі.Балалардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында оқушылар жазғы демалысын сауықтыру лагерлерінде өткізуде. Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Машат –арасан оқу сауықтыру орталығының жұмысы қарқынды. Олай дейтініміз 1 маусымда ашылған демалыс аймағында облысымыздың барлық аудандарынан үш кезең бойынша мыңнан аса бала демалған. Оқушылардың толыққанды демалуына Президент жанындағы «Қазақстан халқына» қорынан қаражат бөлінген.

Динара Сапар Сарыағаш ауданы № 61 мектептің үздік оқушысы. Лагерге келгеніне өте қуанышты екенін айтады. Демалыс орталығында барлық жағдай жасалғанын , тіпті берілетін тағамдарының сапасы жоғары дейді. Ал Жетісай ауданынынан келген Самал Орынбек №53 мектептің оқушысы. Лагерге келген күннен бастап жаңа достар тапқанын айтады.

Оқушылар бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында оқу-сауықтыру орталығында үйірмелер жйүелі жолға қойылған. Атап айтар болсақ ән-би үйірмелері, спорт үйірмелеріне оқушылар белсенді қатысуда. Сондай –ақ оқушыларды қаціпсіздік ережелерін сақтай отырып тауға шығарып серуендету ұдайы жүргізіліп отырады. Айшабибі Әбіл 8- сынып оқушысы. Ол лагерге келегніне қуанышы

Машат –арасан оқу сауықтыру орталығында сонымен қатар оқушыларға бес мезгіл тамақ беріледі. Ас мәзірінің сапасы мен құрамы үнемі бақылауда. Ал оқушылардың денсаулығын қадағалау үшін аранйы мейірбикеде жұмыс істейді

Машат –арасан оқу сауықтыру орталығында Демалушы балалардың ақыл-ой, сана-сезімін жетілдіру бойынша да түрлі әдеби-сазды кештер, мәдени іс-шаралар, танымдық ойындар, байқаулар мен сайыстар өткізіліп отырады. Бұдан бөлек, балалардың бойын сергіту үшін таза ауада арнайы серуендер ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, лагерде күн сайын би кештері өткізілуде.Айта кетейік, машат-арасан лагері жаз бойы 3500 ге жуық баланы қабылдауға қауқарлы. Сонымен қатар Қала сыртындағы лагерлерге облыстық білім басқармасы тарапынан комиссия құрылып, лагерлердің жазғы демалыс кезіндегі дайындығына, абаттандырылуы, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары және санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігіне тексеру, бақылау жұмыстарын жүргізген.

Бөлісу

Related posts

Город Шымкент: в участковой полиции №34 Енбекшинского района количество мошеннических преступлений снизилось с 15 до 14 или -6,7 процента.

AdiletTV

Внимание!

AdiletTV

Гүлмира Сатыбалдыға үкім шықты

Leave a Comment