8.3 C
Shymkent
13 декабря, 2024
adilettv

ТАРАЗДА 1,7 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛЫ БАР КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ АНЫҚТАЛДЫ

Облыс орталығының аумағын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері «Қорғау» жүйесінің көмегімен Жамбыл облысында бағыттама бойынша іздеудегі көк түсті «Hyundai Elantra» автокөлігін анықтады.Аталмыш көлік құралының жүргізушісі жол ережесін қасақана бұзушы болып табылады және айыппұлдары бойынша үлкен берешегі бар. деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл автокөлікке 55 рет жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 1 миллион 696 706 теңге көлемінде айыппұл салынған. Оның басым бөлігі жылдамдық режимін бұзғаны үшін берілген.Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. «Қорғау» мобильді қосымшасы жол қозғалысын автоматты қадағалау тиімділігін арттыру үшін енгізілді. Онда Ішкі істер министрлігінің аппараттық-бағдарламалық кешендері, мобильді қосымшалары біріктірілген, олардан мәліметтер полиция қызметкерлерінің планшеттеріне түседі. Бұл нақты уақыт режимінде сақтандыру полисінсіз пайдаланылатын жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар, бағыттама бойынша іздестірілгендер, соның ішінде айыппұл бойынша берешегі бар жол ережесін қасақана бұзушылар және т.б. анықтауға мүмкіндік береді.

Бөлісу

Related posts

ШЫМКЕНТ: аппарат басшысы тағайындалды

Шымкент қаласы: 4 желтоқсаннан бастап камералар орташа жылдамдықты тіркейді

AdiletTV

ЧИТАТЕЛИ ТОЖЕ ДЕЛАЮТ ВЫБОР

AdiletTV

Leave a Comment