Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен «ХҚКО» қосымшасындағы бейнеқоңырау арқылы байланысып, мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес алуға және өтініш беруге болады. Қазіргі уақытта 79 қызмет түрі қолжетімді.
Бұл қызметті пайдалану үшін қосымшаның басты бетінде «Бейне қызметі» батырмасын басу керек. Құжаттарды диалогтық терезеде тіркей аласыз, содан кейін оператор өтінішті қашықтан қалыптастырады. Мемлекеттік баж екінші деңгейлі банк қосымшаларында төленеді.
«Сервис өз уақытын бағалайтын азаматтар үшін ыңғайлы. Егер халыққа қызмет көрсету орталығы үйден алыс орналасса немесе қарбалас уақытта жету қиын болса, азаматтар ХҚКО қызметкеріне бейнеқоңырау шалып, қызмет ала алады. Қосымша қазақстандықтар арасында сұранысқа ие. Бүгінгі таңда қосымшаның 400 мыңға жуық қолданушысы бар», — деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Айта кетейік, бейнеқоңырау арқылы қызмет алушылар мобильді азаматтар базасында нөмірді тіркеу және қайта тіркеу, ЭЦҚ алу және кері қайтарып алу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу қызметтерін алу үшін жиі жүгінеді.
Сонымен қатар, қосымша арқылы ХҚКО-ға бару уақытын брондауға, электрондық кезек талонын алуға, қажетті халыққа қызмет көрсету орталығының орналасқан жерін қарауға және өзге де өзекті сұрақтармен танысуға болады.
Порядка 300 тысяч видеозвонков с начала года поступили операторам ЦОН
Связаться с сотрудниками центра обслуживания населения для получения консультации и госуслуг можно посредством видеозвонка в приложении «ЦОН». На сегодняшний день к оказанию доступны 79 услуг с подвидами.
Для того, чтобы воспользоваться сервисом необходимо на главной странице приложения кликнуть «Услуга по видео». Прикрепить документы при этом можно будет в диалоговом окне, оператор удаленно сформирует заявление. Оплату госпошлины производят в приложении БВУ.
«Сервис удобен для граждан, которые ценят свое время. В случае, если центр обслуживания населения находится далеко от дома или сложно добираться в часы пик, граждане могут позвонить по видео сотруднику ЦОН и получить услугу. Приложение пользуется популярностью у казахстанцев, на сегодняшний день насчитывается порядка 400 тысяч пользователей», — отметил Председатель Правления Госкорпорации Арман Кенжегалиев.
Отметим, что наиболее часто граждане обращаются по видеозвонку для регистрации и перерегистрации номера в базе мобильных граждан, подтверждения и отзыва ЭЦП, государственной регистрации прав (обременений) на недвижимое имущество.
Кроме того, через приложение также можно забронировать посещение в ЦОН, получить талон электронной очереди, найти расположение интересующего центра обслуживания населения и ознакомиться с актуальными вопросами.