Жол көлік оқиғасының көбеюінің салдарынан «Қауіпсіз жол» акция аясында жастар ресурстық ортығының ұйымдастарымен қала тұрғындарын жол жүру ерележерімен таныстыру және апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында іс шара өтті.
Іс шараның мақсаты-қала тұрғындары мен қонақтарына жаяу жүргіншіге арналған жол қауіпсіздік ережелерімен, скутер жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Бүгінде мопед немесе электросамокаттардың қатысуымен жол көлік оқиғасы жиі орын алуда. Статистикаға сүйенсек мұндай жағдай Шымкентте 6 есеге көбейген. Салдарынан қайтыс болғандар саны 7,1 пайыз, ал жарақат алғандар саны 6 есеге өскен.
Шара барысында қала тұрғындарына жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өту ережелерімен және жол қауіпсіздік белгілерін мағынасы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, электрсамокатпен жүру кезіндегі қауіпсіздік шараларын көрсетіп, жолда жүру ережелерімен таныстырылды.
Сондай ақ, Қазіргі кезде жастар арасында сұранысқа ие скутер жүргізудің сақтық шараларын, жол ережесімен және де жолдан дұрыс өту жайлы айтылып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Айта кетейік Жол көлік оқиғаларын төмендету және көліктік тәртіпті арттыру мақсатында жедел-профилактиқалық іс шаралар өз жалғасын табады деп жоспарланып отыр
next post