Адам папиллома вирусына қарсы вакцинация бойынша Ордабасы ауданының халықына түсінікті болу үшін мектеп қабырғасында ата – аналармен бірге жиналыс өткізіліп, таныстыру жұмысы жүргізіледі. Халыққа бұл вакцинацияның зиянсыз екенін, ақысыз тегін жүргізілетіндігі бойынша, сонымен қатар құрамында не бар екендігі жөнінде толығырақ таныстыру жұмысы жүргізілуде.
Адам папиллома вирусы – бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы. Вирус жылдам таралуға қабілетті, қатерлі ісікті өзгертуге әкелетін қоздырғышқа айнала отырып, соның салдарынан қатерлі ісік дамытуымен қауіпті.
2024 жылғы күзден бастап Қазақстанда 11 жасар қыз балаларға АПВ –ға қарсы вакцинация жүргізілетін болады.
АПВ – ға қарсы вакцинация мектептерде немесе тіркелген мекен жайы бойынша емханаларда екпе кабинеттері арқылы тегін негізде қолжетімді.
Бүгінгі таңда АПВ емдеу жолы жоқ, алдын – алудың бірден – бір әдісі-бұл вакцинация. Жатыр мойны обырының (ЖМО) дамуына әйелдің АПВ инфекциясын жұқтыруы себеп болатыны ғылыми дәлелденген.
Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін ата – аналарының немесе қамқоршыларының хабарланған ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі.
Түркістан облысы бойынша 2022 жылы жатыр мойнының обырының 3-4 дәрежесімен — 127 жағдай тіркелген. 2023 жылы жатыр мойнының обырының 3-4 дәрежесімен — 142 жағдай тіркелген. Яғни аурушаңдықтың жоғарлауы орын алуда.
Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының жуық жаңа 1900 жағдайлары тіркеледі. 600 – ден астам әйел бір жылда осы патологиядан көз жұмады. Біздің елімізде жатыр мойыны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безінің обырынан кейінгі кең таралған обырдың екінші түрі болып табылады.
АПВ – ға қарсы вакцина дүниежүзінің 135 елінде қыз балалар үшін, ал кейбір жағдайларды ұл балалар үшін жаспарлы екпелер күнтізбесінің шеңберінде жүргізіледі. ДДСҰ Еуропалық өңірінің 45 елі АПВ – ға қарсы вакцинаны енгізді, ал жыл сайын осындай елдер қатары барған сайын көбеюде.
ТМД елдерінде АПВ вакцинациясының бағдарламасы Армения, Грузия, Молдова, Түркменстан, Қырғызстан және Өзбекстанда енгізілді.
Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинация 15 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылады және Өзбекстан, Қырғыстан, Түркменстанды қоса алғанда, дүниежүзінің 135 мемлекеттерінде жасалынады.
АПВ вирусы адамнан адамға тұрмыстық жанасу, жыныс жолдармен, тікелей жолмен туу кезінде, өзіне – өзі жұқтыру жолдары арқылы беріледі.
Тұрмыстық жанасу жолмен АПВ қол алысу, сүйісу, терідегі зақымданулар арқылы берілуі мүмкін. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарға – сауналарға, моншаларға, спорт залдарына, дәретханаларға, бассейндерге барғанда өздеріңізді ұқыпты ұстағаныңыз дұрыс.
Жыныстық жолмен. Вирустардың онкогенді типтері жыныстық жолмен берілгенде жыныс мүшелері аймағында орналасатын ұшы сүйір сүйелдерді тудырады.
Тікелей жолмен туу кезінде. Вирус анадан сәбиге оның босануы жолдарымен өту кезінде беріледі. Сүйелдер көбіне нәрестелерде өмірінің алғашқы жылдарында ауызда немесе теріде пайда болады.
Өзіне –өзі жұқтыру жолы. АПВ қырыну немесе эпиляция кезінде дененің бір бөлігінен жиі ауысады.
АПВ – ға қарсы вакцина дельта тәрізді иық бұлшықет ішіне енгізіледі. Вакцинация қарсы көрсеілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі.
АПВ – ға қарсы вакциналар иммунитеті әлсіреген адамдар үшін қауіпсіз.
АПВ –ға қарсы вакцинаның құрамында тірі вирустар жоқ. Вакцинаның құрамында ағзаға түскенде иммунитетті белсендіретін жекелеген вирус ақуыздары бар. Өз кезегінде, иммундық жүйе жасушалары мен адам папилломасы вирусымен күресуге бағытталған антиделерді өндіріледі. Осыған байланысты, вакцина обырды тудыруға қабілетсіз. АПВ –ға қарсы вакцина әйелдердің репродуктивті қызметіне ықпал етпейді және бедеулікке әкеп соғуы еш мүмкін емес, ол әлемнің дамыған елдерінде көп жылдық клиникалық зерттеулер нәтижесінде дәлелденген. Бұл –клиникалық дәлелденген бір де бір дерек болмаса да, қоғамда белсенді қауесеттік қарқынмен таралып кеткен жаңылыс пікірлердің бірі.
Вакцина салғаннан кейін иньекция орнының ауырсынуы, қызаруы және немесе ісінуі бас ауыруы немесе болмашы қызба сияқты ағзаның жеңіл түрдегі реакциясы болуы мүмкін. Олар, әдетте бірнеше сағаттан бір күнге дейін созылады. АПВ ауруына қарсы алғашқы вакцина 2006 жылдан бастап пайда болған бүкіл әлемде 100 миллионнан астам адамға екпе егілген, осы мақсатта вакцинаның 270 миллионнан астам дозасы пайдаланылды, бұл күрделі теріс реакциялар тудырмады.
АПВ –ға қарсы вакциналар 2006 жылдан бері қолжетімді. АПВ –ға қарсы (АПВ – ның төрт типіне қарсы) алғашқы төрт валентті вакцина 2006 жылы, алғашқыекі валентті (екі типіне қарсы) – 2007 жылы, ал тоғыз валентті (тоғыз типіне қарсы) – 2014 жылы пайда болды.
АПВ – ға қарсы алғашқы вакцина пайда болған 2006 жылдан бастап, бүкіл әлемде 100 миллионнан астам адам егілді, осы мақсатта вакцинаның 270 миллионнан астам дозасы пайдаланылады. Біз сіздердің назарыңызды сіздердің қыздарыңыз үшін адам папилломасы вирусына (АПВ)қарсы вакцинациялау қажеттілігіне аударғымыз келеді.
АЛДЫҢҒЫ ПОСТ