23.3 C
Shymkent
15 июля, 2025
Оқыс оқиға

Астанада өртке оранған үйден 15 жастағы қыз құтқарылды

Елордалық өрт сөндіруші өрттен 15 жасар қызды аман алып шықты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Бүгін Астана қаласының Сығанақ көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің оныншы қабатында жиһаздар мен тұрмыстық заттар өртенді.

3-МӨСБ аға инженері Серик Рахимжанов 2009 жылы туған қызды өрттен құтқарды. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз!, — делінген хабарламада.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНҒА ҚАТЫСТЫ ЖЫНЫСТЫҚ СИПАТТАҒЫ ЗАҢСЫЗ ӘРКЕТ ФАКТІСІ ТІРКЕЛДІ

Алматыда автобус апатына қатысты сот отырысы онлайн өтіп жатыр

Ақтөбе іргесінде екі оқушы мен мектеп түлегі суға батып кетті

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз