35.3 C
Shymkent
8 июля, 2025
Ақпарат

Екібастұзда 24 жолаушысы бар автобус жыраға түсіп кеткен

Бұл ақпаратты Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Ведомство мәліметінше, оқыс оқиға қаладағы ЖШС-лардың бірінің аумағында болған көрінеді. Автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай қалған.

ПАЗ көлігінің жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, кюветке түсіп кеткен, — делінген хабарламада.

Автобус салонында ЖШС-нің 24 қызметкері кетіп бара жатқан. Зардап шеккендер бар. Алайда олардың нақты саны белгісіз. Қазір оларға тиісті медициналық көмек көрсетілуде.Жол апаты бүгін сағат 10:00 шамасында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ГУМАНИСТ-КҮРЕСКЕРІ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ТУРАЛЫ ЖАҢА ФИЛЬМ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ.

AdiletTV

Мақсұт Исахов екі айға қамауға алынды

ОҚУШЫЛАРҒА 22 ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз