20.3 C
Shymkent
10 сентября, 2024
Спорт

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайынбыз ба?

Елордадағы QAZAQSTAN жеңіл атлетика спорт кешенінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысты жиын өтті. Басқосуға ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабасынов, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Мұратбек Қыпшақбаев, сондай-ақ федерация президенттері мен бас жаттықтырушылар қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Отырыста 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру және ұлттық құрама спортшыларының дайындығы сөз болды.

«Биыл елімізде өтетін ірі додалардың бірі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары екені белгілі. Дүбірлі доданың басталуына да санаулы күндер қалды. Ойындарға әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде көшпенді емес елдерден де командалар қатыспақ. Сондықтан көшпенділер бәсекесін абыроймен өткізуге бар күшімізді жұмсау керек», — деді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында 21 спорт түрінен өтеді. Оның тең жартысы — қазақтың ұлттық ойындары.

Федерация басшылары мен бас жаттықтырушылар спортшыларымыздың дайындығы жоғары деңгейде екенін және дүбірлі додада жақсы нәтиже көрсетуге тырысатындарын айтты.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Нганну мен Джошуа арасындағы жекпе-жектің қорқынышты нокаутының видеосы: жаңа бұрыш

Геннадий головкин – ҰОК президенті.

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Астанада вейп пен темекі спорт құрал-жабдықтарына ауыстырылады

admin

Пікір қалдырыңыз