5.3 C
Shymkent
14 декабря, 2024
Денсаулық

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында иод тапшылығы бойыша түсіндірді.

Йод адамның жүйке жүйесінің күйі, эмоционалды жағдайына және психологиялық денсаулығына жауап береді. Бұл гормондар синтезіне тікелей қатысатын жалғыз элемент. Йод қалқанша безінің гормоны тироксинді шығаруға қатысады.
Йод – адам өсімі мен дамуына қажет микроэлемент. Тағам құрамындағы йод жеткіліксіздігі – йод тапшылық бұзылыстары деген жалпы терминмен белгілі.
Йодтапшылық бұзылыстарыныңс ең кең тараған түрі – қарапайым немесе эндемиялық зоб. Эндемиялы зоб – ағзаның жалпы сырқаты, йод тапшылықпен байланысты қалқанша безінің үлкеюі. Йод тапшылық аймақтарында барлық босану санына шаққанда кретинизм жиілігі де 10 пайызға көбейеді., баланың миы ғана емес, сонымен бірге есту, көру, сөйлеу қабілеттері де зиян келтіреді. Сонымен қатар, йод тапшылығынан азап шегуіне әйелдер арасында өлі нәресте туу жағдайлары көп байқалады. Йод жетіспеушілігі үлкенірек жастағы балаларға да кері әсерін тигізеді: психомоторлы даму, бой өсуінің кідірісі және адам ұмытшақө және оның зейіні мен реакциясы төмендеп оқу барысында қиыншылықтар болады.
Йод – адам ағзасының маңызды бөлігі. Мөлшері аз, 20-30 мг аспағанымен, йод қалқанша без гормондарының (тиреоидты гормондар) түзілуінің таптырмас қатысушысы. Бұл гормондарды ағзаның барлық органдары мен жүйелері қажет етеді, олар ақуыз, май, көмірсулар алмасуына және терморегуляцияға әсер етеді. Йодтың жеткілікті мөлшері адамды физикалық және ақыл-ой белсенділігі үшін энергиямен қамтамасыз етеді, ағзаның өсуіне, дамуына және жасушалардың қалпына келуіне ықпал етеді. Йодтың тапшылығы болмағанда, адам өзін сергек, өмірлік күшке толы, сау және көңілді сезінеді. Сонымен қатар, йодтың ақыл-ой дамуына тікелей әсер ететіндігіне ғылыми дәлелденген деректер бар. Статистикалық қызметтердің мәліметтері бойынша, йод тапшылығынан ресейліктердің 35%-дан астамы зардап шегуде. Түмен облысы, Краснояр өлкесі, Саха Республикасы, Бурятия және Тыва сияқты кейбір солтүстік аймақтарда бұл пайыз 80%-ге жетеді. Жиі науқастардың бір бөлігі бұл туралы күдіктенбейді. Йод тапшылығынан туындаған гормондық бұзылулар бастапқыда байқалмайды және адамды алаңдатпайды. Дегенмен, тіпті йодтың орташа жетіспеушілігі кезінде де зияткерлік қабілеттіліктің орташа есеппен 10%-ға төмендеуі байқалады.
Йод тапшылығының белгілері
Йод тапшылығының бірнеше белгілері бар, оларды қабылдауға және есте сақтауға ыңғайлы болу үшін топтарға біріктіруге болады: эмоциялық, иммундық тапшылық, ісіну, гинекологиялық, кардиологиялық және гематологиялық. Денсаулығыңыз бен ағзаңызды бақылай отырып, жақындап қалған проблеманы дер кезінде анықтап, оның алдын алудың шұғыл шараларын қабылдай аласыз.
Йод тапшылығының эмоциялық белгілері тобына мыналар жатады: нақты кісіге тән емес тітіркенгіштік, ұмытшақтық, зейіннің және реакцияның нашарлауы, ұзаққа созылған депрессиялық жағдай, өмірлік тонустың төмендеуі, ұйқышылдық және ағзаның жалпы әлсіздігі.
Иммундық тапшылық тобы бір басты белгіні қамтиды – иммунитеттің әлсіреуі және соның салдарынан инфекцияларға, суық тию ауруларына ерекше бейімділік және созылмалы аурулардың дамуы.
Ісінулер де йод жетіспеушілігінің алғышарттарының бірі болып саналады. Бұл көз айналасындағы ісінуге де, басқалардың бәріне де қатысты: қол, аяқ және т.б. Бұл ретте, ісінулерден арылу үшін несеп айдайтын препараттарды қабылдауы жай-күйді ушықтырады, оларға тәуелділіктің қалыптасу ықтималдығын бірнеше рет арттырады. Йод тапшылығының ең бастапқы сатысының гинекологиялық белгілері етеккір циклінің бұзылуы, емізіктердің жарылуы сияқты ауытқуларды біріктіреді, ал аурудың асқынған сатысында бедеулік немесе ерте климакс пайда болуы да мүмкін.
Кардиологиялық топ: атеросклероз, аритмия, төменгі қысымның жоғарылауы. Бұл белгілер үшін жоғарыда аталған ауруларды емдеу көзге көрінбейтін нәтижесіз өтуі мүмкін, өйткені дамып келе жатқан йод тапшылығы аясында тиісті препараттарды қолдану тиісті және ұзақ мерзімді әсер бермейді. Бұл гематологиялық белгілерге де қатысты (гемоглобин деңгейінің төмендеуі), емдеуші дәрігерлер тағайындаған дәрі-дәрмектер аз әсер ететін болады. Ақырында, адамда йод тапшылығының ең айқын белгілерінің бірі – зобтың өсуі. Бірақ бұл үдемелі аурудың белгісі.
Йод тапшылығы несімен қауіпті?
Йод тапшылығының қауіптілігі жоғарыда аталған белгілердің барлығы айтарлықтай асқынады және тиісті ем болмаған кезде қайтымсыз болуы мүмкін, ал ұлғайып келе жатқан зоб жақын маңдағы органдарға қысым жасай бастайды, сол себептен құрғақ жөтел, тұншығу ұстамалары және тамақ жұтқан кезде қиындықтар тудыруы мүмкін.
Сондай-ақ, әйелдерде йод тапшылығынан сүт бездерінің аурулары дамуы мүмкін және қалқанша без функцияларының төмендеуі балалар мен жасөспірімдерде сүйектердің өсуін баяулатады.
Жүкті әйелдер үшін йод тапшылығы өте қауіпті болып саналады, өйткені бұл ұрықтың дұрыс дамуына және жаңа туған нәрестелердің меңіреулігіне және тіпті өлі тууына әкелуі мүмкін.
Балалардағы қалқанша безінің асқынған ауруларының салдары: физикалық және ақыл-ой дамуының бәсеңдеуі, баяу өсуі, сөйлеу бұзылулары, керең-мылқау болуы мүмкін.
Йод тапшылығы жасы үлкен адамдар үшін де қауіпті, себебі белгілі бір жасқа дейін ғана біздің ағза пайда болған проблеманы өз бетінше шеше алады және йод жетіспеушілігін өтейді.
Йод тапшылығының алдын алу. Онымен қалай күресуге болады?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) физиологиялық, яғни жасына байланысты микроэлементті – йодты тұтынудың тәуліктік нормаларын белгілеген. Орташа алғанда бұл норма күн сайын 120-дан 150 мкг-ға дейін. Йодтың негізгі мөлшері біздің ағзамызға азық-түлікпен келіп түседі, ең көп концентрациясы теңіз балығында, теңіз өнімдерінде, теңіз балдырларында және балық майларында – шамамен 800-1000 мг/кг.
Йод тапшылығының зардабы
Соңғы жылдары йод тапшылығының әсерінен қауіпті патологиялар саны көбейе бастады. Ақыл-ой белсенділігінің төмендеуі, организмнің қорғаныс функцияларының әлсіреуі – қалқанша безінде қандай бір өзгеріс болып жатқанының бірден-бір дәлелі. Бүгінде адам ағзасындағы йодтың жетіспеушілігі үлкен жаһандық проблемаға айналып отыр.
Йод екі ғасырдан бері адамзатқа химиялық элемент ретінде белгілі. Осы уақыт ішінде йод дезинфекциялау үшін және бактерицидті қорғау мақсатында қолданылып келеді.
Тұрмыстық өмірде және медицина саласында болсын йодты қолданушылар саны күн санап өсуде. Қоңыр түсті құтыдағы өңі сарғыш бұл сұйықтық әркімнің үйінен табылатыны анық. Өйткені, йод бронхиттен бастап іріңге дейін көптеген ауруға таптырмас ем. Сонымен қатар, ауырған жерге жағатын құрал ретінде де «йодты тор» (йодная сетка) бала кезден баршамызға таныс. Дегенмен, аталған микроэлементтің адам өмірі үшін қаншалықты маңызды екенін бірі білсе, бірі білмейді.
Йодтың адам өміріндегі маңызы
Көптеген зерттеулердің нәтижесіне қарап отырып, йодты адам денсаулығына өте қажетті әрі пайдалы элемент деп сенімді түрде айтуға болады. Орташа алғанда, адам ағзасында аталған микроэлементтің жеткілікті мөлшері шамамен 28 мг-ды құрайды. Ал, егер йод концентрациясы максималды рұқсат етілген 30 мг-нан асып кетсе, адам улану әсерін сезінеді. Ең дұрысы, артық та, кем де емес, қалыпты деңгейде болғаны жөн.
Йод адам өмірі үшін қалқанша безінің дұрыс қызметінің басты кепілі. Ол ағзаның өсіп-жетілуін, дамуы мен зат алмасуын қамтамасыз ететін қалқанша безі гормонының (тироксин) құрамына кіреді. Демек, йод гормонды құрайтын құрылыс материалы. Сондықтан, йодтың рөлі қашан да жоғары болмақ.
Төменде көрсетілген процестердің барлығы да ағзадағы иодтын құрамына тікелей тәуелді:
– ас қорыту процесіне жеңілдік келтіріп, ақуыздар мен майларды ыдырату;
– көмірсулар алмасуын реттеу;
– дене температурасын бақылау;
– ойлау процесінің қалыпты деңгейін қамтамасыз ету.
Йод жетіспеушілігінің алғашқы белгілері:
– әлсіздік;
– тез шаршау;
– суыққа сезімталдық;
– жиі суық тигізіп алу, тұмау;
– тонустың патологиялық өзгеруі (дистония) .
Йод тапшылығының салдары:
– ең әуелі, қалқанша безі қызметін бұзады;
– қалқанша безі ауруларына жол ашады. Мәселен, зоб ауруы — бұл қалқанша безінің үлкеюінен пайда болатын тамақтағы ісік немесе түйін.
Егер адам ағзасы қажетті мөлшерде иод қабылдамаса, түрлі ауруларға шалдығады. Өйткені, жоғарыда айтып өткендей, бұл жағдай ағза қызметінің дұрыс жұмыс істемеуіне тікелей байланысты. Мұндай өзгерістің адам ағзасына қауіптілігі неде:
– зат алмасу процесінде гормоналды теңгерімсіздік орын алып, адам тез салмақ қоса бастайды.
– адамның көңіл күйінің жиі құбылуы, ұйқысыздық, тез шаршап қалу. Аталған белгілер түрлі қауіпті жағдайлар туғызады. Мұндай кезде, жұмыс орнын және өмір сүру салтын өзгерту қажет.
– жиі депрессияға түсу, апатия. Бұл айналасындағы адамдарға бірден білінетін құбылыс.
– йод тапшылығының бірден-бір салдары – бала сүйе алмау. Сонымен қатар, йод жетіспеушілігі ерте түсік тастауға әкелуі мүмкін.
– ой еңбегінің төмендеуі, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, бағыт-бағдарды ажырата алмау сияқты гормоналды өзгерістердің орын алуы да ғажап емес.
– баланың ақыл-ойымен қатар, бойының да дамуы кешеуілдеп, кретинизмге ұшыратады.
Йод тапшылығының басты қауіптілігі
Йод тапшылығының зардабы басқа аурулардан кем емес:
– микседеманың дамуы – қалқанша безінің дұрыс жұмыс жасамау салдары шырышты қабықшалардың ісінуіне апарар бірден-бір жол. Бұл көбінесе, ересек адамдарда кездеседі.
Қалқанша без функциясының жеткіліксіздігінен болады.
– зат алмасу процесінің баяулауы, ерте қартаю, метаболизм процестерінің төмендеуі, әлсіздік;
– түрлі онкологиялық аурулардың пайда болуы;
– инфекциялық, химиялық және физикалық, патогендік өзгерістерге қарсы тұру қабілетінің төмендеуі, тіпті, ақыл-естің кемуіне әкеледі.
Сонымен бірге, түсік тастау, мезгілінен ерте туылу, баланың дұрыс жетілмеуі, сәбидің іштен ауру болып туылуы немесе өлі туылуы да осы йод тапшылығының салдарынан екені дәлелденген.
Ағзаға табиғи жол арқылы йодты қалай толықтыруға болатынын білудің маңызы зор. Теңіз өнімдерінде йодтың деңгейі жоғары болатыны белгілі. Мысалы, 100 грамм Ламинария немесе теңіз қырыққабатының құрамында йодтың бір тәуліктік мөлшері кездеседі. Алайда, бұл адам күн сайын 100 грамм теңіз балдырын немесе теңіз орамжапырағын жеу керек дегенді білдірмейді. Дегенмен, бұл мәселеге бей-жай қарауға болмайды.
Әрине, йод басқа да тағам өнімдерінде, мысалы, жеміс-жидектер, балықта, бау-бақша дақылдарында да жеткілікті. Сонымен қатар, Ламинария қырыққабатын тағамға немесе салатқа қосу артық етпейді. Ең бастысы, ешқандай өңдеуді қажет етпейді.
Егер ағзаға йодтың мөлшері өте көп мөлшерде керек болса, тамақтану рационына пайдалы дәрумендер мен құнды микроэлементтермен байытылған өнімді пайдалануды әдетке айналдыру нәтижелі. Ең бастысы, денсаулығыңыздың жақсы болуы өзіңіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз!
Әдетте, мамандар табиғи жолдан бөлек, йодомарин, йодонорма т.б. сияқты түрлі препараттарды қабылдауға кеңес береді. Дегенмен, аталған арнайы препараттарды тек қана эндокринолог маманның қатаң бақылауымен ғана қабылдаған дұрыс. Өйткені, бұл дәрілердің өзіндік кері әсерлері жетерлік.
Осы ретте, біз сіздерге йод тапшылығының заманауи жағдайдағы бірден-бір шешімі ретінде «Ламифарэн» өнімін ұсынамыз. Аталмыш тағамдық өнімді қолдану арқылы сіз өзіңіздің ағзаңыздағы зат алмасу процесін ретке келтіресіз. Ал, зат алмасу процесінің дұрыс жүруі ол – қалқанша безі қызметінің дұрыс жұмыс істеуінің басты көрсеткіші. «Ламифарэн» гелі ағзаға тез сіңіп қана қоймай, пайдалы элементтермен байытумен ерекшеленеді, әрі барлық ағзаның қалыпты жағдайда жұмыс істеуіне септігін тигізіп, гормондардың қызметін реттейді.
«Ламифарэн» өнімін күнделікті ішу арқылы сіз йод тәрізді маңызды микроэлементтің тәуліктік қажеттілік мөлшерін қанағаттандырасыз. 100 пайыз табиғи заттардан тұратындықтан, бұл өнім жүктілік кезеңінде және бала емізіп жүрген уақытта қолданыла береді. Аталған өнімнің қалқанша безі қызметіне жағымды әсер ететіні түрлі сертификаттар арқылы әлдеқашан дәлелденген.
Зоб таралуының эндемиялық көрсеткіші көптеген алдын алу шараларын өткізу, ең алдымен халықты тағам өнімдері мен су арқылы йодпен дұрыс қамтамасыз ету қажеттігін көрсетеді. Йодтапшылық бұзылыстарының алдын алудағы шараларының бірі – йодталған ас тұзын қолдану, нан пісіру барысында йодталған ашытқы қолдану. Бұл шаралардың таңдалуының себебін былай түсіндіруге болады:
1. Бұл тағамдар халықтың барлық тобы қолдана алатын арзан өнім.
2. Жыл бойы шамамен бірдей мөлшерде халықтың барлық тобымен қолданылады.
3. Йодтау – басқарумен техникалық қызметінде қарапайым құрал-жабдықты қажет ететін араластырудың қарапайым операциясын білдіреді.
Йод тапшылығының орнын толтыру үшін миркоэлементтермен (ас тұзы, ашытқы) байытылған тағам өнімдерін қолдану пайдалы, әрі тиімді. Бұл тиімділігі жоғары қосымша шығындарды қажет етпейтін әдістің кең түрде жүзеге асуы йодтапшылық бұзылыстарының алдын алу мақсаттарында халықтың, сондай-ақ, аналар мен балалардың тамағын жетілдіру мәселелерінде өзінің лайықты орынын алуы тиіс. Бұл өнімнің үй жағдайларында қолданылуы және тұрақты тағам рационына қосылуы, ағзаның йод сияқты өмірге қажет микроэлементпен қамтамасыз етілуін біршама жақсартып, халық денсаулығын сақтауға көмектеседі. Тұзды дұрыс сақтамаған жағдайда, йод оның құрамынан тез буланып кетеді. Мысалы, егер тұз салынған пакет суланса, онда мұндай тұзда йод қалған жоқ. Тұзды тексертіңіз, егер ол кесек болып жабысып қалса, онда тұзда ылғал жиналғанының белгісі, құрғақ тұз үгілгіш болады.
Егер ағзадағы йод тапшылығы жоғары болса, тұз көмек бере алмайды. Маманның кеңесі қажет. Ол йодтың медициналық препараттарын белгілейді. Сөйтіп сіз ағзаға келетін йодты бақылап, өз денсаулығыңызды күте аласыз.
Байытылған бидай ұны мен йодталған тұз өнімін кездестірсеңіздер, одан үрікпей алуға тырысыңыздар. Өйткені байытылған ұн мен тұз өзіңізбен жанұяыңыздың денсаулығы үшін өте қажетті екенін ұмытпаңыздар. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеп, бүгін бітірер істі ертеңге қалдырмаңыздар!

Бөлісу

Related posts

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық орталық ауруханасы инсульттің алдын алу бойынша сақтық шараларды түсіндірді.

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасы-2024 МӘМС ТӨЛЕМІ ҚАНША ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕДІ?

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасының дәрігерлері «біз туберкулезді жеңе аламыз» тақырбында сөз қозғады

AdiletTV

Leave a Comment