Сүт безі обыры көптеген Еуропа және солтүстік Америка елдерінде сияқты Қазақстандық әйелдер арасында да онкологиялық аурулардың алдында тұр. Өлім-жітім жағынан сүт безінің обыры өкпе және асқазан обырынан кейін 3-орында.
Сүт безі басқа органдарға қарағанда неге қатерлі процесске бейімделген? Қолайсыз экология, күйзеліс барлық ағзаға әсер етеді. Себебі, сүт безі – әйел ағзасында ең гормонды байланысты орган. Ал гормонды жағдайға магнит бораны, күн радиациясы, өмір салты, жан тыныштығы бәрі әсер етеді.
Сүт безінің обыры тек әйелдерде ғана емес, ер адамдарда кездеседі, бірақ сирек (аурудың барлық жағдайының 1%). Ер адамдардағы кеуде безі обырының себебі: тектік өзгеріске ұшырау, семіздік, гармонды бұзылым.
Етеккірі он бір жасынан ерте басталған әйелдер сүт безінің обырымен ауруы әбден мүмкін. Сондай-ақ, 55 жастан кейін менопауза басталған әйелдерде де бұл қауіп тобы болады. Жыныстық гормондардың жоғары деңгейінен бұл әйелдер белсенді, жақсы көрінеді, бірақ дәл осы әйелдер сүт безі жағдайына ерекше көңіл бөліп қадағалауы тиіс. Сүт безі обырының аурушаңдығы жас шамасының пропорциялы артады: бұл диагноз 20-25 жас аралығында – сирек кездесетін жағдай, 30 жасқа дейін – кейбір әйелдерде ғана, 35 жастан асқандарда қауіп геометриялық прогрессияға артады – әрбір 5 жылда екі есеге өседі.
Сүт безінің обырын (СБО) алдын алудың маңызы неде? Алғашқы профилактика – бұл осы дерттің өсуіне әкелетін, қауіп факторына әсер ететін ауруды алдын алу жолдары.
1. Заманауи әйелдерің өсімпаздық қылығының өзгеруі. Көптеген әйелдер жалғыз ғана бала туып, жұмысқа шығуға асығады. Ал оларға табиғатында бірнеше бала туып және оны емізу тағайындалған. Сондықтан нәрестенің денсаулығы жақсы болу үшін міндетті түрде омырауды емізу қажет, кем дегенде жарты жыл, тіпті болмаса 9-10 айға дейін емізу қажет.
2. Созылмалы күйзеліс жағдайларынан аулақ болуға тырысыңыз. Себебі, олар сүт безінің саулығына асер етеді. Ағзаны тек қана қысқа мерзімді күйзелістер жаттықтыра алады, әсіресе егер олар мәселені шешуде жақсы аяқталған жағдайда. Уайымнан пайда болған созылмалы күйзеліс иммунитеттің төмендеуіне алып келеді. Ол дегеніміз адам ағзасын секунд сайын түзулейтін обыр жасушаларымен күресе алмауы да мүмкін.
3. Жазды күндері өзіңізді күннің астында ұзақ жүруден сақтаңыз. Әсіресе сүт безіне тікелей күн сәулесінің түсуі зиян, олардың нәзік терісі арқа мен аяқ терісіне қарағанда анағұрлым осал. Сондықтан шашыранды күн сәулесінде, көлеңкеде күнге күю дұрыс шешім және міндетті түрде суға түсуге арналған киім болуы тиіс.
4. Сүт безінің механикалық зақымдануынан сақтаныңыз. Олар он жылдан соң ғана білінуі мүмкін.
5. Тамақтану – мал майын артық қолдану, аса нәрлі тамақ, А, Е, С, Д витаминдердің жетіспеушілігі. Семіздік СБО тудыру қауіпін 2-3 есеге арттырады.
Мидың қатерлі ісігі деген не
«Мидың қатерлі ісігі – бұл бас сүйегінің ішінде пайда болған түзіліс. Ол ми тінінің, мидағы жүйке, қабығы, қан тамырлары, эндокриндік құрылымдардың ісіктен зақымдалуын қамтиды. Мұндай ісіктер сипаты бойынша қатерлі емес және қатерлі болып келеді», — дейді онколог дәрігер Александр Серяков.
Қатерлі ісік өте тез өсуі және айналасындағы тіндерге қарай өтуімен ерекшеленеді. Глиома – мидың қатерлі ісігінің ең көп таралған түрінің бірі. Оның ең агрессивті түрі — глиобластома. Ол тез өседі, шеттері айқын болмайды. Нашар емделеді, рецидив ықтималдылығы жоғары.
Мидың басқа қатерлі ісіктеріне мыналар жатады:
менингиома — ми қабығының ісіктері;
6. Үнемі кеудеге көзтартарлық форма беретін ғана, қатты маталарды қолданбауды ескеріңіз, олар кеудені қысып қан айналымын бұзады. Сондықтан кеудешені анда-санда киіп жүруге дағдыланыңыз.
7. Сүт безі обырын алдын алу тәсілінің ең дұрысы — өзін өзі тексеру. Өз кеудеңізді өзіңізден басқа ешкім жақсы білмейді. Дәрігерлер және сіздің бірлескен күшіңізбен ғана ауруды ерте сатыда анықтауға болады. Оны ай сайын тексеруге болады. Тексеру үшін уақыт таңдау қажет, етеккір келіп кеткен соң бір апта ішінде – бұл уақытта кеуде жұмсақ болады. Ең дұрысы – жуынған кезде. Қолыңызды сабындап, тігінен тұрып және оң қолыңызды жоғарыға көтеріп, сол қолыңызбен оң кеудеңізді қолтыққа дейін байқап қараңыз. Содан кейін тура солай сол кеудеңізді тексеріңіз. Сондай-ақ қолтық асты шұқырын, олардың тұсын және бұғана тұсын тексеруді ұмытпаңыз.
нейроэпителиалды ісіктер (ганглиомалар және астроцитомалар);
невриномалар — жүйке жасушаларының қабығынан пайда болған ерекше ісіктер.
Мидың қатерлі ісігінің себептері
Ғалымдар ісіктердің пайда болуының нақты себебін әлі анықтаған жоқ. Бірақ олардың өсуіне радиоактивті сәулеленудің, ағзаға енетін токсиндердің және қоршаған ортаның ластануының ықпалы туралы болжамдар бар. Балаларда туа біткен жаңа түзілістер болуы мүмкін.
Бассүйек-ми жарақаты да бұл аурудың ықтимал факторына айнала алады.
Мидың қатерлі ісігінің кейбір бөліктері басқа ауруды емдеу үшін қолданылған сәулемен емдеу әдісінен, иммунитетті басу бойынша емдеу, АВТ инфекциясын емдеуден кейін пайда болуы мүмкін деген мәлімет те бар. Кей адамда мидың қатерлі ісігніңі кейбір түрлеріне бейімділік болады. Алайда көп адамда бұл аурудың не себепті пайда болатыны әзірше белгісіз.
Бас миындағы ісіктердің 10-30%-і метастазды туындау сипатына ие – бұл қан ағысымен ми қан тамырларына, тіндерге, қабығына жеткізілген жасушалар.
Көп жағдайда миға мыналар метастаздалады:
ер адамдарда – өкпенің зақымдалуы, колоректалды обыр, бауырдың зақымдалуы;
әйелдерде – омырау обыры, меланома, колоректалды және өкпе обыры.
Миішілік метастаздар жатыр, ас қорыту немесе қуық асты безінің қатерлі ісігі кезінде пайда болады.
Мидың қатерлі ісігінің белгілері
Ошақты симптомдар көбіне бірінші болып білінеді. Олар ісіктің өз айналасындағы тіндерді басып тұруы және бөгде денеге химиялық реакция, қан құйылу, ісікті эмболаның қан тамырларын бітеуі, тіндерді, жүйкелерді басып тұру салдарынан пайда болады. Егер ісік үлкен болса, онда масс-эффект пайда болуы мүмкін. Бұл кезде мидың негізгі құрылымдары жылжып, мишықтың бас сүйек саңылауына енуі туындайды,
Ең ерте байқалатын себептердің бірі – бас ауруы. Ол әдетте қан тамырлары, жүйке және ми қабығының тітіркенуінен пайда болады. Бүкіл бастың диффузды түрде ауыруы байқалса, бұл көбіне ми қабығының зақымдалуымен байланысты болады. Сипаты бойынша ауырсыну ұстама секілді, терең, қарқынды немесе керіп ауыру түрінде бола алады.
Тағы бір белгісі – тамақтанумен еш байланысы жоқ жүрек айну. Ол бас қатты ауырған кезде немесе онымен байланысты болмауы мүмкін.
Бас айналу дененің немесе айналадағы заттардың айналуы түрінде болуы мүмкін.
Бұлшықет әлсіреуі, дененің бір жағынан екінші жағы қатты ерекшеленетін бұлшықеттің гипертонусы, сіңір рефлекстерінің өзгеруі де ықтимал. Сондай-ақ бұлшықет-буынға да зақым келуі мүмкін.
Кей ісік кезінде дірілді синдром болуы мүмкін. Бұл көбіне мидың зақымдалуының алғашқы белгісі болады. Абсанстар, тоникті-клонды ұстамалар, Джексон эпилепсиясы да болуы мүмкін. Кейбір науқастарда тырыспа алдында аура да болады. Ісік өскен сайын парциалдық тырысу немесе ошақ белсенділігінің төмендеуі болады.
Кейбір адамда психикалық ауытқу байқалады. Немқұрайлылық, инициативаның жоқтығы, агрессия, эйфория немесе шектен шыққан көңілшектік, апатия, өзіне тым қатты көңіл толуы да мидың зақымдалуының белгісі болуы мүмкін. Ісік өскен сайын бұл симптомдар да ауырлай түседі. Тіпті галлюцинация, жады жұмысының қатты бұзылуы, алаңғасарлық, ойлау жетіспеушілігі де болады.
Көздің көруі де нашарлап, көру жүйкесінің аумағында іркілістер де байқалады. Бұл көз алдының бұлыңғырлануымен, қара нүктелердің немесе үлдірдің пайда боулымен, нашар көрумен сипатталады. Көз жанары жан-жаққа ауытқып кетуі мүмкін.
Қосымша мына белгілер де болады:
есту нашарлайды;
афазия;
атаксия;
көз жанары қимылының бұзылуы;
галлюцинация (есту, дәм сезу);
вегетативті дисфункция.
Егер гипоталамо-гипофизарлы жүйе зақымдалса, онда гормондар алмасуына зақым келеді.
Мидың қатерлі ісігінің кезеңдері
Қатерлі ісікпен зақымдану әдетте сатылы түрде өтеді. Сондықтан емдеу әдісі мен болжам, типтік белгілері мен симптомдары анықталады. Ең жеңілінен бастап ең ауырына дейін барлығы 4 кезең анықталған.
Бірінші сатысы – бұл жағдайда мидағы бір бөлікті жаңа түзіліс, түйін зақымдайды, көрші тіндерге ісік әлі енбеген, мидың айналасындағы учаскелерге қысым жасалмайды;
Екінші сатысы – ісік баяу өседі, бірақ көрші учаскелерге өткен;
Үшінші сатысы – ісік құрылымы өзгерген, жасушалар жылдамырақ бөлінеді, көршілес бөліктер мен тіндер өсе бастайды;
Төртінші сатысы – ісік үлкен, көршілес ми құрылымдарына қарай өседі, баяу метастаздар ықтималдылығы бар.
Мидың қатерлі ісігін емдеу
Дұрыс емдеу тактикасын таңдау үшін тек ісіктің өзін анықтап қана қоймай, оның түрін, яғни қатерлі емес немесе обырлы екенін анықтау керек, жасушалардың сатысы мен түрін бағалау қажет (ісіктердің әр түрі әрқалай өседі және терапия да оларға әрқилы әсер етеді).
Диагностика
Бірінші тексеруді невролог өткізеді. Дәрігер науқастың жалпы шағымын бағалап, тексеру жүргізеді, бұлшықет тонусын, рефлекстерді, кері байланысын, көңіл-күйін және когнитивті функцияларды тексереді. Сонымен қатар ЭЭГ, эхо-энцефалография жүргізіледі. Көздің көру қабілетін, көз жанарын бағалау үшін офтальмологтан тексеруден өтуге нұсқау беріледі.
Ісік тәріздес түзіліс пайда болуына күдік болса, онда алдымен миға КТ немесе МРТ жасалады. Сонымен қатар ми қан тамырлардың ангиографиясы, ПЭТ және басқа да қосымша зерттеулер тағайындалуы мүмкін. Кейбір жағдайларда биопсия қатерлі ісік түрін анықтауға көмектеседі. Бірақ оны барлық жағдайда жасау мүмкін емес.
Заманауи емдеу тәсілдері
Емдеу көлемі бас миы ісігінің өсу қарқынына қарай анықталады. Ісікті хирургиялық жолмен алып тастау ең тиімді әдім болып саналады. Хирургиялық микроскопия және навигация қолдану жаңа түзілісті зиянсыз алып тастауға және сау тіндерді зақымдау қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. Егер ота арқылы ісікті толық алып тастау мүмкін болмаса, онда науқасқа химия, таргетті сәулелеу немесе иммунды терапия тағайындалады.
Көлемі шағын (3 сантиметрге дейін) ісіктерге стереотаксикалық радиохирургия жасалуы мүмкін. Ісік тіндерін жою үшін бірден бірнеше радиация шоғыры қолданылып, олар бір нүктеге немесе бірден бірнеше нүктеге бағытталуы мүмкін. Оның сәулелену бағыты сеанс кезінде өзгеріп отырғанымен, бұл сәулелер шоғыры міндетті түрде ісік тіні арқылы өтеді.
Ірі ісіктер үшін, әсіресе ісікті жедел жою мүмкін болмаған жағдайларда классикалық қашықтықтан сәулемен емдеу әдісі қолданылады. Кейбір жағдайларда бұл терапия хирургиялық араласудан кейін рецидив, яғни ісіктің қайта өсу қаупін төмендету үшін қолданылады.
Химиотерапия ісіктің түрін ескере отырып цитостатикалық дәрілермен жүргізіледі. Оны сәулелік терапиямен үйлестірген жағдайда жүргізілетін химиотерапияның тиімділігі едәуір артады.
Радио және химиотерапиямен бірге жүргізілген таргетті терапия мидың агрессивті ісіктері бар науқастардың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жиі жағдайда глиобластоманы емдеуде қолданылады.
Қазіргі уақытта қатерлі ісіктердің иммунды терапиясын қолдану әдістері мен оны қолда бар емдеу стандарттарына интеграциялау қарастырылып жатыр.
Мидың қатерлі ісігінің алдын алу
Онколог дәрігер Александр Серяковтың айтуынша, мидың қатерлі ісігінің алдын алуға мынаны қамтиды:
салауатты өмір салты;
оңтайлы физикалық белсенділік (дұрысы таза ауада);
толыққанды демалыс;
зиянды әдеттерден бас тарту (темекі шегетін және алкогольді ішімдікті асыра пайдаланатын адамдарда бас миы ісігінің пайда болу ықтималдығы 30%-ке артады);
жемістер мен көкөністерді көбірек тұтыну;
күйзеліске түсіретін жағдайларды шектеу (немесе жағымсыз жағдайларға қатысты өз көзқарасын өзгерту).
Өз өзіңізді тексеру кезінде сақтықпен қарауыңыз қажет:
— сүт безінің түрінің өзгеруі;
— сүт безіндегі сезілген тығыздықты;
— қаттылықтың үстінгі жағынан домалақ емес, жалпақ;
— тері ұсақ тесікті лимонды қабықшаға ұқсаған кездегі ісік;
— емшек ұшы түрінің өзгеруі;
— емшек ұшынан қанды бөлінудің пайда болуы;
— сүт безінде үнемі жағымсыз жайлардың байқалуы;
— екі жаққа сәйкес қолтық асты шұқырында лимфалық түйіндердің ұлғаюы.
Сүт безінде қандай да бір дерттің пайда болуы кезінде тұрғылықты мекенжай бойынша әйелдерді тексеру кабинетіне немесе амбулаторлы-емханалық мекеменің дәрігер-гинекологтарына жүгіну қажет. Егер тексеру нәтижесінде сүт безі табылса, онда сізге қосымша тексеруді тағайындайды: УДЗ және маммография. Сүт безінде ісік түрлері пайда болған жағдайда, сіздің диагнозыңызды анықтау үшін және ары қарай қажетті ем жүргізу үшін дәрігер-маммологқа жолдайды.
Екінші профилактика сүт безі сырқатын ерте анықтауда және емдеу мен обыр алдында болуы тиіс, сондай-ақ әйелдердің жыныстық мүшелерінің эндокринді жүйесі мен сырқатының бұзылуы. Маммография – бұл сүт безін зерттеудің ретгендік әдісі. Маммография сүт безінің пайда болуын анықтайды (тексеру кезінде әйелдің өзімен немесе дәрігермен анықталады) және сүт безінің қатерлі мен қатерсіз ісік екендігін растайды. Маммография сондай-ақ, сүт безінің обырын ерте анықтау әдісі болып табылады, сондақтан да 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жас тобындағы әйелдердегі СБО скринигінің бастапқы әдісі болып табылады. Маммографияның көмегімен сүт безінің обырына үнемі және уақтылы зерттеу жүргізу кезінде ерте сатыда анықтауға болады. Маммография кезінде сәулелі жүктеме өкпе рентгенографиясына қарағанда анағұрлым аз (шамамен бірнеше рет). Зерттеуді үнемі жасау сүт безі обырының даму қауіпін ұлғаюға әкелмейді. Жүкті немесе бала емізу кезінде маммография жасауға тыйым салынады.
Рентгенологиялық маммографияны етеккір циклінің алғашқы кезеңінде жүргізеді. Ренгенологиялық зерттеу диаметрі кем дегенде 5 мм пайда болғанда анықтауға мүмкіндігі бар, себебі сүт безінің үлкен көлемі айрықша мәнді. Рентген суреті екі кескінде жасалады, содан соң келесіде анықталған дерттің орналасқан жерін нақты анықтайды. Артынан дәрігер-рентгенолог рентген суретін ашып көріп және өзінің қорытындысын береді.
35 жасқа дейінгі әйелдерге сүт безінің сырқатымен шағым болмаған жағдайда алдын алу мақсатпен СБ УДЗ жүргізу ұсынылады, ал 45 жастан асқан әйелдерге жылына бир рет маммографиядан өту ұсынылады! Ордабасы аудандық орталық ауруханасында Дүниежүзілік сүт безінің қатерлі ісігінің алдын алу бойынша «Ашық есік» күні өткізілді. Іс-шараға маммолог, онколог дәрігерлер кеңес беріп, ақпараттық парақшалар таратылды.
Бұл күні әлемнің түкпір-түкпірінде онкологиялық аурулармен күресіп жүрген медициналық орталықтардың дәрігерлері түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Ғылыми конференциялардан бөлек, ауруды жеңіп шыққан пациенттер мен дәрігерлердің ерлігі туралы айтылады. Көбіне-көп халықты ақпараттандыру жұмыстарына көңіл бөлінеді. Өйткені дәрігерлер, соның ішінде онкологтер қатерлі ісікті мейлінше ерте сатыда анықтаса, ем қонатынын айтады. Бұл пікірді Астана медицина университеті онкология кафедрасының меңгерушісі, профессор, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты хирург маман Абай Мақышев та қоштады.
– Әлем елдері қатерлі ісікке қарсы өзінің мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырып, түрлі қадамға барып жатқанымен өлім-жітім азаймай тұр. Аурудың пайда болып, дамуына бір емес, бірнеше фактор әсер етеді. Біріншіден, пациенттер көбіне-көп қатерлі ісік метастаз бергенде, яғни басқа ағзаларға тарағанда, аурудың соңғы сатысында медициналық көмекке жүгініп жатады. Бұл кезеңде емшаралар күрделі, қиын болады. Екіншіден, қатерлі ісік көбіне темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, физикалық белсенділіктің аздығы, радиация, қоршаған ортаның ластануы және генетикалық бейімділік сияқты мінез-құлықтан немесе экологиялық қауіп факторлары бар өлкелерде тұратын адамдарда дамиды. Үшінші, қатерлі ісік, оның себеп-салдары, белгілері және алдын алу әдістері туралы білім беру, халықты ақпараттандыру онкологиялық ауруларды ерте анықтауға және емдеуге көмектесетін шешуші фактор саналады. Жалпы алғанда, онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді азайту үшін профилактиканы жақсартып, білім беруді жетілдіріп, салада сапаны жоғарылату арқылы азайтуға болады,– дейді доктор.
Ғылым-білім, медицинаның бір орында тұралап қалмай, жылдан-жылға дамудың үстіне дамып жатқанынан хабардармыз. Жыл сайын ғылымдар небір аурулардың емін ойлап табады. Өкінішке қарай, әлі күнге дейін қатерлі ісіктің қалай пайда болатыны, ошағы, нақты себеп-салдары белгісіз. Бірақ қатерлі ісікке алып баратын бірнеше қауіп факторы көпке мәлім деп ойлаймыз. Мысалы, темекі шегу – өкпе, ауыз қуысының, жұтқыншақтың және басқа да көптеген ағзаның қатерлі ісігінің дамуына әсер ететін қауіпті фактор. Генетикалық бейімділік деген бар. Яғни кейбір гендік мутациялар қатерлі ісік ықтималдығын арттыруы мүмкін. Жұқпалы ауруларды айтар болсақ, адам папилломавирусы (HPV), В және С гепатиті сияқты кейбір инфекциялар қатерлі ісіктің дамуымен байланысты болуы ықтимал. Сондай-ақ ультракүлгін сәулелер тері ісігінің дамуына әкелуі мүмкін екен. Жоғары дозалы сәулелену, осының ішінде рентген сәулелері немесе сәулелік терапия сияқты ұзақмерзімді сәулелену қатерлі ісік ауруының даму қаупін арттыруы ықтимал. Осының барлығын елеп-ескеріп отырған күннің өзінде бастапқы кезеңдерінде нақты симптомдарсыз дамитын қатерлі ісік ауруларын анықтау – тіпті оңай емес.
Кейбір мәліметтерге сүйенсек, онкологиялық аурулардың 250-ден аса түрі бар деседі. Ал елде қатерлі ісіктің өкпе обыры, асқазан обыры, сүт безі обыры, жатыр мойны обыры секілді түрлері жиі кездеседі. Осының ішінде өкпенің қатерлі ісігі онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімнің басты себептерінің біріне айналып барады. Бұл темекі шегумен, қоршаған ортаның ластануымен байланысты. Асқазанның қатерлі ісігі елде, әсіресе ер адамдар арасында жиі кездесетін қатерлі ісіктердің бірі болып қала береді. Мұның себеп-салдары тұқымқуалаушылыққа, сондай-ақ тұзды және ысталған тағамдарды жиі тұтынумен байланысты болуы мүмкін. Сүт безінің қатерлі ісігі әйелдер арасында жиі кездеседі. Кейінгі жылдары аурудың осы түрінен болатын өлім-жітімді азайтудың оң үрдісі байқалғанымен, оның алдын алу және ерте анықтау еліміздің медицина жүйесіндегі маңызды міндеттердің бірі болып қала бермек.
Әлемде қатерлі ісік ауруларының түріне қарай терапиялық емшаралар дамып жатыр. Қуантарлық жай, құптарлық шешім. Бірақ осы күнге дейін қатерлі ісікке қарсы нақты дәрі-дәрмек табылмады. Бұл – енді медицина қауымдастығын толғандыратын сұрақ.
– Қатерлі ісік ауруының емі туралы мәселе ондаған жылдар бойы қойылып, ғылыми ортада және жалпы қоғамда үлкен қызығушылық тудырды. Хирургия, сәулелі ем және химиотерапия сияқты қатерлі ісіктерді емдеудегі елеулі жетістіктерге қарамастан, әлі де шынайы әмбебап ем жоқ. Мұның себебі қатерлі ісік клеткаларының күрделі болуынан және ісіктің қалыптасуы мен дамуына әсер ететін көптеген факторға байланысты болып тұр. Қатерлі ісік – ағзадағы жасушалардың дұрыс бөлінбеуімен және өсуімен сипатталатын күрделі ауру. Мұнда атипті жасушалар өсіп, айналадағы тіндер мен ағзаларға еніп, қан мен лимфаға тарап, дененің басқа бөліктерінде жаңа ісіктер тудыруы мүмкін. Бұл – метастаз деп аталады. Қатерлі ісік жасушалары тек орналасқан жері бойынша ғана емес, генетикалық материалының түрі мен өзгерістері бойынша да әртүрлі болуы мүмкін. Бұл онкологиялық ауруларды емдеуді одан да күрделендіреді, – деп түсіндірді А.Мақышев. Онкологтің айтуынша, қатерлі ісіктердің көбі адам ағзасында ұзақ дамиды. Тіпті ісіктің бастапқы кезеңін толық медициналық тексеру барысында да бірден анықтау қиын екені жоғарыда айтылды. Қатерлі ісікке қарсы емнің әлі табылмауының тағы бір себебі – салада клиникалық зерттеу жүргізудің қиындығы. Мұнда ғалымдарға қойылатын талап қатаң. Бүгінде онкологиялық ауруларға шалдыққандардың арасында 30-40 жас аралығындағы азаматтардың көбейгені байқалады. Емі күрделі ауру жылдан-жылға «жасарып» барады. Ісіктің кейбір түрлері тұқым қуалаушылықпен байланысты болуы мүмкін. Егер жас азаматтың отбасында бұрын қатерлі ісікке шалдыққандар болса, онда сол тұлғаның қатерлі ісікке шалдығу қаупі жоғары болуы мүмкін. Жастар арасында онкологиялық аурулардың көбейіп бара жатқанына қарамастан, қатерлі ісік негізінен егде жастағы адамдарға әсер ететін ауру болып қала береді. Сол себепті де дәрігерлер қатерлі ісіктің алдын алудың кілті – медициналық тексеруден уақтылы өтіп, саламатты өмір салтын ұстануда дейді.
Профессор-ғалымдар қатерлі ісік ауруларымен қоғам болып күресуге шақырады. Бұл – тек медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау саласындағы мамандардың мәселесі емес. Ел-жұрт қатерлі ісік ауруларының алдын алу шаралары мен емдеудің заманауи тәсілдері туралы терең біле бермейді. Салдарынан пациенттер ерте диагностиканың маңызын, аурудың алдын алу мүмкіндіктерін түсінбейді. Көптеген азамат өздері немесе жақын адамдары осы аурумен бетпе-бет келмейінше, қатерлі ісік туралы ақпаратты байыппен қабылдамайтыны тағы бар.
Қатерлі ісікті ерте сатыда анықтау үшін тұрғындарды медициналық профилактикалық тексеруден өтуге ынталандырудың бірнеше жолы бар екен. Бірінші кезекте дәрігерлер пациенттерге обырды ерте анықтау емді ерте бастауға мүмкіндік беретінін түсіндіруі керек. Қатерлі ісік болатын өлім-жітім көбейгенін және ісікті тек жіті тексерулер арқылы анықтауға болатынын ескерткен жөн. Әрі медициналық тексерулер ақысыз екенін хабарлаған ләзім. Иә, қазір онкологиялық ауруларды зерттеу және диагностикалау деңгейі айтарлықтай жақсарған. Медициналық технологиялардың әлеуеті қатерлі ісік ауруын ерте кезеңдерде анықтауға әлеуетті. Соған қарамастан адамзаттың өмір салты мен қоршаған ортаның өзгеруі де қатерлі ісік ауруының өршуіне әсер етеді. Қатерлі ісік ауруларынан болатын өлім-жітім әр ел, аймақта әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, кейбір дамыған елдерде жүйелі ақпараттандырудың, сапалы диагностикалық бағдарламалардың нәтижесінде онкологиялық аурулар төмендеген. Біз де сол көштен қалмай, салаға жаңа технологияларды енгізіп отырсақ, одан еш ұтылмаспыз. Мұны жақсы білетін дәрігерлер мен Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдасып, ұтымды шешім қабылдаудан айнымауы керек.
Қатерлі ісіктің алдын алу – ХХІ ғасырдың ең өзекті мәселелерінің бірі: статистикаға сәйкес, планетаның әрбір бесінші тұрғынына қатерлі ісік диагнозы қойылады. Бұл ДДҰ-ның Еуропалық аймағындағы ауру мен өлімнің негізгі себептерінің бірі болып, барлық өлімнің 20 пайызынан астамын құрайды.
Сүт безі қатерлі ісігі – ең көп таралған қатерлі ісік: 2020 жылы әлемде 2,2 миллионнан астам жағдай тіркелді. Сүт безі қатерлі ісігі онкологиялық аурулардан әйелдердің өлімінің негізгі себебі болып табылады, 2020 жылы аурудан (ДДҰ) 685000 әйел қайтыс болған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сүт безі қатерлі ісігіне қарсы жаһандық бастамасының мақсаты – 2020-2040 жылдар аралығында дүние жүзінде сүт безі қатерлі ісігінен 2,5 миллион өлімінің алдын алу әлемде осы аурудан болатын өлімді жыл сайын 2,5% — ға азайтады. Дүние жүзінде сүт безі қатерлі ісігінен болатын өлім-жітімді жылына 2,5% — ға азайту 2030 жылға қарай осы қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді 25% — ға және 2040 жылға қарай 70 жасқа дейінгі әйелдер арасында 40% — ға алдын алуға мүмкіндік береді. Осы мақсаттарға жету үшін қажетті үш негізгі компонент: ауруды ерте анықтауға ықпал ететін денсаулықты нығайту шаралары; уақытылы диагностика; сүт безі обырын кешенді емдеу.
Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігі де жетекші онкологиялық патология болып табылады және аурушаңдық көрсеткіштері бойынша бірінші орында тұр. 2020 жылы 4272 адам сүт безі қатерлі ісігінің диагнозы қойылған қатерлі ісікпен ауыратын науқастарды есепке алды.
Сүт безінің қатерлі ісігі трансмиссивті немесе жұқпалы ауру емес. Инфекцияға байланысты (мысалы, жатыр мойны обыры адам папилломавирусы тудыратын инфекциямен байланысты)
next post