0.3 C
Shymkent
14 февраля, 2025
adilettv

Түркістан облысы: адам папиллома вирусы

АДАМ ПАПИЛЛОМА ВИРУСЫ
Адам папиллома вирусы (АПВ) – тері мен шырышты қабаттардың эпителийіне әсер ететін өте кең таралған вирустар тобы. Оның 14 түрі онкогенді, яғни онкологиялық аурулардың дамуына әкеледі.
Көптеген адамдарды АПВ алаңдатпайды, бірақ кейбір папилломавирустар сүйелдерге немесе қатерлі ісікке әкелуі мүмкін.
Жатыр мойны обырының дамуы әйелдің адам папилломавирусын жұқтыруымен байланысты, бұл туралы көптеген ғылыми дәлелдер бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 95% — дан астам жағдайда жатыр мойны обырын (ЖМО) адам папилломавирусы (АПВ) тудырады. Жатыр мойны обырының 70%-ы АПВ-ның екі түрлі вирус штаммдарынан туындайды.
АПВ бар әйелдерде жатыр мойны обырының даму ықтималдығы АПВ жоқ әйелдерге қарағанда 6 есе жоғары.
Қазақстанда жатыр мойны обыры сүт безі обырынан кейінгі әйелдерде онкологиялық аурулардың таралуы бойынша екінші орында тұр.
Ең тиімді қорғану әдісі — вакцинация. Вакцинамен қорғануға болатын — жалғыз қатерлі ісік түрі – бұл жатыр мойны обыры. Халықаралық тәжірибеде жүзден астам елде, соның ішінде ұлдар арасында АПВ вакцинасы енгізілген. Бұл мемлекеттерде жатыр мойны обыры 90%-ға төмендеген.

Бөлісу

Related posts

Қазақстанда өндіріс саласын қалай дамыту керек

AdiletTV

“Қайнарбулақ” подключён к природному газу после долгих ожиданий: работы по газификации идут полным ходом

AdiletTV

Заң және тәртіп: ІІМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейтуде

AdiletTV

Leave a Comment