16.3 C
Shymkent
2 ноября, 2024
adilettv

Кәсіпкерлер палатасында құрылыс саласындағы бірқатар мәселе талқыланды

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында құрылыс және көлік салалық кеңесінің отырысы өтті. Кеңес төрағасы Ойрат Мамыровтың төрағалығымен өткен жиынға Палата қызметкерлері, қалалық прокуратура өкілдері, кәсіпкерлер қатысты.

Кәсіпкерлер палатасына «Корпорация Сити Строй» ЖШС-нен арыз түскен болатын. Кеңес төрағасы Ойрат Мамыров алдымен құрылыс салушылардың кепілдік міндеттемелері бойынша осы мәселені көтерді.

«ҚР Азаматтық кодексінің 664-бабы бойынша мердігердің қолданысқа берілген құрылыс нысандары бойынша келісім-шартта көрсетілген талаптарға сай тапсырыс берушінің алдында кепілдік мерзіміндегі жауапкершілігі болады. Дегенмен, осы кодекстің 665-бабына сәйкес мердігер кепілдік мерзімі аясында анықталған олқылықтар кейде тауарды және/немесе материалды өндірушінің салдарынан да туындап жатуы мүмкін. Сондықтан біз қолданысқа заңға «мердігер» және «тапсырыс беруші» ұғымдарымен қоса «өндіруші» ұғымын да қосуды, және олардың жауапкершілігін де қарастыруды ұсынамыз», – деді Ойрат Мамыров.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бөлімінің аға прокуроры Марат Бейбіт кәсіпкерлік субъектілерін тексеру бойынша баяндады.

«Кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тағайындау туралы акт, тексеру нәтижелері туралы акт және бұзушылықты жою туралы нұсқама ҚР Бас прокурорының м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №162 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесінде тіркеледі. Тексеру актісінің оң жақ бұрышында 20 саннан тұратын актіні тіркеу нөмірі, тіркеген мемлекеттік мекеме және лауазымды тұлғаның аты-жөні көрсетіледі. Оған қоса кюар коды да болады. Сіздерге қатысты тексеру туралы мәліметті прокуратура органдарының www.qamqor.gov.kz сайтынан 20 сандық нөмірді енгізу арқылы тексеруге болады», – деді Марат Бейбіт.

Жиын барысында кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардың жауаптарын алды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР ТҰРҒЫН АЛАБЫ ГАЗДАНДЫРЫЛДЫ

AdiletTV

ТҰРҒЫНДАР РЕФЕРЕНДУМҒА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ

AdiletTV

«Мұндайға қарсымын»: Дана Нұржігіт Олимпиададағы спортшылар туралы айтты

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз