16.3 C
Shymkent
2 ноября, 2024
adilettv

«Атамекен» ҰКП төрағасы Шымкентке іссапармен келді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Райымбек Баталов Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Райымбек Баталов алдымен Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының жанындағы көпфункционалды қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, «Invest Shymkent» фронт-кеңсесінде болды.

Басқарма Төрағасына мегаполисте іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар таныстырылды. Райымбек Баталов әр инвестормен, әр кәсіпкермен тығыз жұмыс істеп, барынша қолдау көрсетудің маңыздылығына тоқталды.

«Алдағы уақытта жергілікті әкімдіктермен бірге үйлестіру жұмысын пысықтау қажет. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар, қаржылай қолдау бар. Оны микро және шағын кәсіпкерлер толық біле бермеуі мүмкін. Сондықтан, бизнеске қаржылай, консультативтік және құқықтық қолдау көрсетсек, «көлеңкелі» бизнес те азайып, бюджетке түсіп артады. Сонымен қатар проблема туындағанда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасынан көмек алуға болатынын ұғындыруымыз қажет», – деді Райымбек Баталов.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы бұдан кейін өңірлік палата ұжымымен жүздесті. Палата директоры Сабира Адамбекова Басқарма Төрағасына атқарылып жатқан жұмыстар жайлы таныстырды. Қайрат Молдасейітов бастаған Өңірлік кеңестің жұмысы белсенді екенін атап өтті.

«Маңызды мәселелердің қатарында бөлшек салық мөлшерлемесін екі есеге – 4 пайыздан 2 пайызға төмендету, Шымкенттегі мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге субсидия бөлу, «Жайлы мектеп» жобасы аясында оффтейк келісімшарттардың түзілуі бар. Жергілікті атқарушы органдармен, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экономикалық тергеп-тексеру сияқты бақылау-құзырлы органдармен тығыз әріптестік орнатылған, меморандумдар түзілген», – деді Сабира Адамбекова.

Сонымен қатар, Сабира Адамбекова «Атамекен» ҰКП тарапынан соңғы уақытта жүзеге асырылған ірі жобалардың бірі – Инвестициялық карта туралы да баяндап өтті. Бұл картаға құны 465 млрд теңгеден асатын 59 жоба енгізілген. Жобаларды сүйемелдеу мақсатында «Invest Shymkent» және «Қазақинвест» АҚ-мен бірге «Бір терезе» қағидатымен тығыз жұмыс атқарылуда.

Жыл басынан бергі 9 айда Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасына бизнестің заңды мүддесі мен құқығын қорғау бойынша 85 арыз-шағым түсіп, кәсіпкерлердің жалпы сомасы 120 млн теңгеге жуық құқығы қорғалды. Палата жанынан «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясымен бірге 2023 жылы ашылған Кәсіпкерлерге арналған көпфункционалды қызмет көрсету орталығында 2024 жылдың 9 айында 8200-ге жуық қызмет көрсетілді. Бизнес-жоспар құру мен басқа да сүйемелдеу жұмыстарының нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілері жалпы сомасы 377 млн теңгеге (грант, несие) қаржыландырылды.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы бұдан кейін Шымкенттегі ірі өндіріс орындарының бірі – «QazAlPack» зауытына барып, өндіріс барысымен танысты. Айта кетейік, «QazAlPack» ЖШС – сусын құйылатын алюминий банкалар мен қақпақтар шығаратын зауыт.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН «КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ

город Шымкент: Утерянную сумку с полумиллионом тенге вернули владельцу патрульные в Шымкенте

AdiletTV

САУРАНДА 5000 ОРЫНДЫҚ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз