5.3 C
Shymkent
14 декабря, 2024
adilettv

Шымкентте «аула ішіндегі кездесу» республикалық акциясы аясында полиция қызметкерлері халықпен кездесу өткізілді.

Полиция басқармасының бастығы Жандос Бейсенов Еңбекші АПБ ЖПҚБ-на қарасты №42 учаскелік полиция пунктінің әкімшілік аумағындағы тұрғындарымен кездесіп, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, интернет-алаяқтықтың тіркелген фактілері туралы айтып, телефон алаяқтарымен сөйлесудің негізгі ережелерін жеткізді. Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға, есірткі заттарының таралуына жол бермеу және қауіпті нарко-граффити жарнамаларын жою бойынша қажетті ақпаратты жеткізді.
Басты мақсат – қоғамдық тәртіпті сақтауды және көшелердегі профилактиканы күшейту, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, құқықтық кеңестер беру, қоғамдық орындарда, саяжайларда, құрылыс объектілерінде, базарларда, шаруа қожалықтарда, жалдамалы пәтерлерде, шалғай жерлерде тексеру жұмыстарын жүргізу.
Сонымен қатар төмендегі тақырыптар аясында келесідей сұрақтарға жауап берілді!
— Нашақорлық – есірткі құрамдас немесе психотроптық, яғни оларға ұқсас заттарға тәуелділіктен туындайтын организмнің аса ауыр және тұрақты тәндік, психикалық өзгеруіне, бұзылыстарына, кейде өлімге әкелетін дерт. «Есірткілерді тұтыну «зиянды ләззаттарға» жатады. Өйткені олар тұтынушыға субъективтік ләззат сезімін сыйлайды, бірақ организмге зиянын тигізеді. Есірткілік заттарды тұтыну тек «ләззат алу» ғана емес, сондай-ақ дәрігермен дәрілік препарат (ауруды басатын, ұйықтататын, психостимулятор) ретінде берілуі мүмкін. Егер есірткілерді тұтыну үзіліссіз және үнемі болса, тұтынушының организмінде өзгерістер болады, нәтижесінде есірткілерден болатын тәндік немесе психикалық тәуелділік туындайды.
Нашақор деген кім, ұстап алып түрмеге жауып қоятын қылмыскер ме әлде емдеуге жатқызатын ауру ма? Оның мұндайға баруына не себеп болды?
— Маскүнемдік дегеніміз не ? Маскүнемдік-адам ағзасына физикалық және психологиялық зиян келтіретіндей дәрежеде алкогольдік сусындарды күнделікті және тұрақты қолдану.Маскүнемдікдің белгісі адам алкогольдік ішімдіктерді қолданғаннан кейін өзін-өзі бақылауы бұзылып, ішімдікке тәуелді адам кейпінде жүреді. Маскүнемдіктің көріністері қандай? Алкогольдік ішімдікті қолданған адамның: Үйінде-ұрыс-керіс, айқай-шу,жанжалдың болуы Жұмысында-тәртіптің нашарлауы,жұмысқа деген қабілеттің төмендеуі. Заңға қарсы шығу( ішкен күйде көлікті жүргізу) Денсаулығы нашарлауы-қан қысымының көтерілуі, ас-қорыту жүйесінің зақымдалуы жиі бауырдың бұзылуы. Алкогольдік ішімдіктерді зиянды әдет ретінде қабылдайтындар мен ішімдікке тәуелділер арасында айырмашылықтар болады.Зиянды әдет ретінде қабылдайтындар мен маскүнемдер олар ішімдікті физикалық,әлеуметтік,мінез-кұлықтық жағдайларға байланысты қолданады,ал алкогольге тәуелділер олар күнделікті ішімдікті қолданбайды,бірақ бір бастап ішкен кезде ұзаққа дейін ішіп,содан соң ішуді тоқтатқаннан кейін тәуелділік синдромы басталады.
— Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Жасөспірімдердің қалыптасуына әсер ететін факторлар:
Отбасы. Отбасындағы қарым-қатынас жасөспірім үшін, оның тұлға ретінде қалыптасуы үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие. Қазіргі уақытта көптеген отбасыларда балаларды ата-аналардың бірі, көбінесе анасы тәрбиелейді, бұл жасөспірімдерді тиісті қадағалаудың болмауына әсер етеді, оған моральдық қолдау, қамқорлық, көңіл бөлінбейді-мұның бәрі тұлғаның қалыптасуына кері әсер етеді.
Мектеп. Мұғалімдермен қарым-қатынасы қиын жасөспірімдер көбінесе сыныпта оқшауланып, өздерін бөтен сезінетіндігімен, әдетте қиын жасөспірімдер нашар оқитындығымен күрделене түседі. Оқуы қиын жасөспірімдерді сынып ұжымында оқшаулау олардың құқық бұзушылық жолына түсуіне ықпал ететін басты себептердің бірі болып табылады.

Бөлісу

Related posts

АҚҚА НЕГІЗСІЗ КҮЙЕ ЖАҒУ ЖАҚСЫЛЫҚТАН ЕМЕС!

Шымкент қаласы аумағында жалпы 686 интернет-алаяқтық қылмыс тіркелген.

AdiletTV

Шымкентте «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында кездесу өтті

Leave a Comment