5.3 C
Shymkent
14 декабря, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: «ЛУДОМАНИЯ ҚОҒАМ ДЕРТІ»

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Парасат колледжінде « ЛУДОМАНИЯ ҚОҒАМ ДЕРТІ» және «ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ» бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында семинар кездесу өтті.
Мақсаты — студенттерге лудаманияның зиянын түсіндіріп, теріс жолдан сақтау, салауатты өмір- салтын насихаттап, адам құқықтарын бұзбау, өз өміріне жауапты болуға шақыру.
Лудомания – XXI ғасырдың дерті. Себебі, қазіргі таңда әлемде құмар ойындардан 350 миллион адам зардап шегіп отыр. ДДҰ-ның мәліметінше, жер жаһанда өмір сүретін ересектердің 3%-ы лудоман. Ал, елімізде бүгін 36 мыңнан астам адам аталған психологиялық дертке шалдыққан.
«Лудомания» дегеніміз не?
Лудомания – сөзін тікелей аударғанда «ақылы ауысқанша ойнау» деген мағынаны білдіреді. Кейде, мұны «құмар ойынға потологиялық тәуелділік» деп те атайды. Адамның психологиялық жағдайын айқындауға арналған медицинада қолданылатын термин. Аталған дертке шалдыққан адам өз-өзін басқара алмайды. Қолындағы соңғы ақшасына дейін ойынға тігіп жіберуге дайын тұрады. Салдарынан адам тек қаржылық қиындықтар ғана емес, психологиялық проблемаларға душар болады.
Лудоман адамды көп жағдайда қалың депрессияға батып жүргенінен, жиі мазасының болмауынан және өмір сүруге деген құштарлығының жоқтығынан тануға болады. Әсіресе, бұл белгілер үлкен соммадағы қаражатты құмар ойынға жеңілгенінен кейін байқалады. Мамандардың мәліметінше, дертке шалдыққандар өздерінің лудоман екенін жасырады. Есепсіз шығындары мен белшеден батқан қарыздарын жасыру үшін жақындарына жиі өтірік айтады. Шарасыздық шеңберінен шығатын жол таба алмағандар ақыр соңында өзіне қол жұмсайды.
Жалпы, әртүрлі эпидемиологиялық зерттеулерге сәйкес, жер шарында мекен ететін әрбір сегізінші ересек адам құмар ойын ойнайды. Ал, ДДҰ-ның мәліметінше, әлемде өмір сүретін ересектердің 3%-ы лудоман. Яғни, 350 миллионнан астам адам аталған психологиялық ауытқудан зардап шегеді. Оған қоса, орта жастағыларға қарағанда, лудоманияға шалдықандар арасында жастардың қарасы көп. Психологтардың зерттеуінше, отбасы немесе ағайын туыстардың ішінде лудоманның болуы өте қауіпті. Себебі, ол өзінің дертін келесі жақынына жұқтыруы мүмкін. Құмар ойынға кірген адам жанындағы адамды тек зиянды әдеттерге ғана емес, психологиялық ауруларға қоса шалдықтырады. Өйткені, жоғарыда айтып өткендей, лудоманиямен сырқаттанғанның жаны қалың депрессия мен мазасыздыққа душар болады.

Ұрпағымызды қалай сақтаймыз?
Қуанышқа орай кәмелет жасқа толмаған балалардың лудоманияға шалдығуы туралы ресми дерек жоқ. Алайда, бұл жағдай алдағы уақытта бірден өзгеріп сала беруі әбден мүмкін. Жоғарыда айтып өткендей, жастар арасында «Gaming Disorder» қатты белең алған. Кәмелетке толмағандар компьютерлік, мобильді онлайн ойындарға әуес. Интернеттің арқасында ойынның түрлі ассортиментін иеленген жастар уақытының басым бөлігін гаджеттің алдында өткізеді.
Не үшін лудомания қауіпті?
Біріншіден, лудомания – психологиялық ауытқу. Адам өміріне үлкен қауіп төндіретін дерттердің бірі. Лудоманияға шалдыққан адамдар алкогольді ішімдік пен есірткіге тәуелді болып қалуы ықтимал. Себебі, түсінікті. Қарызға белшесінен батқан адам басына түскен бәлені бөлісуге ұялып іштей тынып, ақыр соңында зиянды заттарға жүгінеді. Ал, іс насырға шапса, мұның арты тіпті суицидке де апарады.
Екіншіден, лудомания қоғамға қауіпті. Бұл дертпен ауыратын жан Тһтапқан таянғаны былай тұрсын, жанұясының аузынан жырып құмар ойынға бар қаражатын жұмсайды. Салдарынан отбасы ойран болады. Жақындарымен қарым-қатынасы нашарлайды. Бір сөзбен айтқанда қоғамнан қол үзіп қалады. Лудомания – ем шараларын қажет ететін психикалық ауру екенін естен шығармау керек. Құмар ойынға құмары қанбайтын адам неғұрлым көмек қолын созуды тезірек сұраса, оның жақсарып, жазылу мүмкіндігі соғұрлым жоғары.
Кездесуде студенттер, өз өміріне жауапты болуға шақыру, отбасындағы зорлық-зомбылық пен жастар арасындағы зиянды дүниелермен буллинг туралы сөз етіліп, оқушылармен кері байланыс орнатылды.

Бөлісу

Related posts

САУРАНДА 5000 ОРЫНДЫҚ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

AdiletTV

Шымкент қаласы: Еңбекші АПБ №40 тірек пунктінде 10-ай көлемінде профилактикалық есепке қойылған тұлғалар саны 45.

AdiletTV

Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы

AdiletTV

Leave a Comment