5.3 C
Shymkent
14 декабря, 2024
adilettv

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ 2024 ЖЫЛДЫҢ 3 ТОҚСАНЫНДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

2024 жылдың 30 қазанында Еңбекші аудандық Полиция басқармасында Шымкент ҚПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ұлықбек Мылтықов төрағалығымен осы ағымдағы жылдың 3 тоқсанында атқарған жұмысты қорытындылау жөнінде жедел кеңес өтті.
Жедел кеңес барысында басқарма бастығының орынбасарларының баяндамалары тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланып, Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында және Департамент бастығы полиция полковнигі Н.Алмасбековтың алдағы кезенде атқарылуға тиісті қойған міндеттері мен талаптары жеке құрамға жеткізілді.
Есептік мерзімде басқарма қызметкерлерімен құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылды.
Жиын соңында Ұ.Мылтықов, Басқарманың жыл басынан атқарған жұмысына оң баға беріп, бірқатар міндеттер қойды. Сондай-ақ, полиция — адамдардың қажеттіліктеріне, яғни азаматтарға қызмет көрсетуге бағытталуы керектігін, отбасы-тұрмыстық саласындағы құқық бұзушылықтарды, интернет-алаяқтығын және жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алу. Электрондық темекі, кальян және вейп өнімдерін қолдануға тиім салынған орындарында тексеру жұмыстарын күшейту. Есірткі қылмысына және нашақорлыққа қарсы күресті күшейту қажет екенін атап, нақты міндеттер белгіледі.Жұмыс кеңесінің негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алуға, жасөспірімдер ортасындағы криминогендік жағдайды тұрақтандыруға, мектеп қабырғасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жасалуын болдырмауға бағытталған. Қалалық полиция басшысы жалпы білім беру мекемелерінің барлық өкілдеріне қазіргі өмір сүру жағдайлары қоғамның топтарын күрт ажыратқанын айтты. Көбінесе, дәл осы фактор жасөспірімдерді мүліктік қылмыс жасауға итермелейді. Осыған байланысты, ата-аналар жиналыстарында басты назарды балаларға қылмыстық қол сұғушылық объектісіне айналуы мүмкін қымбат заттарды сатып алмау қажеттігіне тоқталды.
Өз кезегінде, Басқарма бастығы Жандос Бейсенов: біз осы жұмыс бағытында балалар және жасөспірімдермен тығыз байланыста жұмыс жасайтын мүдделі ведомстволардың қатысуымен бірлескен кеңес өткізуді ұйғардық, өйткені бір жақты жазалау шараларымен, кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға тосқауыл қою мүмкін емес. Осыған байланысты бірлескен іс-шаралардың бекітілген жоспарларына сәйкес күш-жігерді біріктіріп, жұмысты мақсатты түрде жүргізу қажет деп атап өтіп берілген нұсқаулар мен тапсырмалар толығымен орындалатынын, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатындағы басым бағыттар жауапкершілікпен атқарылатынына сенім білдірді.
Еңбекші Аудандық Полиция Басқармасы

Бөлісу

Related posts

График работы ЦОНов и спецЦОНов 30 августа

AdiletTV

«ОЙ ДОДА» интеллектуалды ойыны өтті

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық орталық ауруханасында «Репродуктивті денсаулықты нығайту» тақырыбында “Ашық есік күні» өткізілді.

AdiletTV

Leave a Comment