5.3 C
Shymkent
14 декабря, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: Сыбайлас жемқорлық пен интернет алаяқтықтың алдын алу мәселелері қаралды

Ағымдағы жылдың 30 қазанында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» және «Интернет алаяқтық» тақырыптарында жиналыс өткізілді.
Жиналыста ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Қалдыбаев Нұртөре Зайдуллаұлы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына еңгізілген жаңалықтарды жеткізіп, сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу мәселелеріне тоқталып өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негіз қалаушы буын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді, олардың пайда болуына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді айқындау және барынша азайту болып табылады. Қоғамдық өмірдің неғұрлым маңызды мәселелерін қозғайтын шешімдерді қабылдаған кездегі ашықтықтың жеткіліксіз болуы, мемлекеттік аппараттың қызметінде тиісті азаматтық бақылаудың және қоғамдық пікірді ескерудің болмауы артық төрешілдікке, әкімшілік кедергілер мен лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануға алып келеді, бұл жиынтығында сыбайлас жемқорлық көріністерінің өсуіне ықпал ететін келеңсіз факторларды қалыптастырады.
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық мәселесін әрбір мемлекетте, түрлі халықаралық ұйымда кездестіруге болады. Бірақ ол барлық жерде бірдей бола бермейді. Тарихи дәуір және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму кезеңіне қарай сыбайлас жемқорлықтың пайда болу мәселелері де әр алуан болып келеді. Кейбір шет елдердің мемлекеттік басқаруында және мемлекеттік қызметінде жемқорлықтың алдын алуға және жоюға бағытталған әкімшілік қалыптың кешендері құрылған. Бірқатар мемлекеттерде шенеуніктердің ар кодексі немесе этикалық кодекстер жиынтығы болып табылатын арнайы заңдар қабылданған.
Рас, интернет пен цифрлы технологиялардың кеңінен таралуы жаһандану құрылымын ғана емес, қылмыс әлемінің сипатын, соның ішінде қылмыс түрін түбегейлі өзгертті. Қазір бәріміздің өмірімізде цифрлы технологиялар маңызды рөл атқарады. Олардың көмегімен виртуалды қызметтер мен өнімдерге қол жеткіземіз, белгілі бір тауарларға сұраныс та артты. Бүгінде әлеуметтік желілер мен түрлі интернет платформалар тек ақпарат алмасудың емес, сауда-саттықтың негізгі алаңына айналды. Ал компьютерлендірудің салдары соңғы 10 жылдың ішінде қылмыстық құқық бұзушылық түрінде де айқын көріне бастады.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Киберполиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Жайлаубек Шыңғыс Нұржанұлы жеке құрамға кибер қылмыстардың алдын алу, алаяқтарға алданып қалмау тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жаднамалар таратты.​
Қарастырылып отырған мәселелер бойынша тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша Департамент қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Бөлісу

Related posts

Город Шымкент: лудомания-болезнь общества!

AdiletTV

Город Шымкент: человек труда -Даулет Ермеков

AdiletTV

«БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНУДА

AdiletTV

Leave a Comment