-7.7 C
Shymkent
12 декабря, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: Еңбекші АПБ №40 тірек пунктінде 10-ай көлемінде профилактикалық есепке қойылған тұлғалар саны 45.

Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ №40 тірек пунктінің жауапты учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Махамбетов Биржан Кайратбекович қарамағымдағы учаскелік полиция инспекторларыммен атқаратын әкімшілік аумағымыз Шымкент қаласы Бердіқожа батыр көшесі, Қойкелді батыр көшесі, Жастар көшесі, Алатау көшесі, Қапал батыр көшесі, Орманшы елді мекені толығымен, Ордабасы индустриалды аймақ, Оңтүстік индустриалды аймақ, Қапал батыр көшесі 5км станция Қазығұрт толығымен тұрғын үйлерді қамтамассыз етеміз. Жалпы халық саны 5695, оның ішінде ересектер 3699, балалар-1996, шетелдік азаматтар 8.Әкімшілік аумақта №67 жалпы орта мектебі және №74 жалпы орта мектебі бар. Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ-ның ЖПҚ-ның №40 УПП УПИ-ларымен профилактикалық алдын алу жұмыстары бойынша 2024 жылдың 10-ай көлемінде бір шама жұмыстар атқарылды. 2024 жылдың 10-ай көлемінде профилактикалық есепке қойылған тұлғалар саны 45, арнайы профилактикалық емдеу мекемесіне 5-алкогольдік ішімдікке салынған азаматтар мен нашақорлар еріксіз емдеуге орналастырылды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында көпшілік орында алкогольдік ішімдікті мөлшерден тыс пайдаланған 35-азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Таза қала атты іс-шара өткізу барысында қалалық жерде абаттандыру ережесін бұзған 115-азамат ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабы бойынша яғни ортақ пайдалану орындарын ластап айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген 48-азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық бабымен хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар әкімшілік аумақта қызмет атқару барысында мерзімінен бұрын шартты түрде босап шыққан азаматтар қадағаланып, олармен олармен профилактикалық сұхбаттар жүргізіліп, бір қатар жұмыстар атқарылды. Түнгі және күндізгі уақытта жүріп тұруына бақылау жұмысын жүргіздік. Әкімшілк қадағалау орнатылған 1-тұлғамен профилактикалық сұхбаттар жүргізіліп, бір қатар жұмыстар атқарылды.
Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының нұсқауымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмысты алдын алу мақсатында әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері “Бір нүктелік” рейдтік шарасы жүргізілуде. Мегаполистің полицейлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмысты алдын алу мақсатында жолда мас күйінде көлікке отырған, авариялық жағдай туындатқан жүргізушілерді және басқа да құқық бұзушылықтарды күнделікті анықтауда. Алайда полицейлердің ескертулеріне қарамастан, кей жүргізушілер салдары туралы ойланбай көлік жүргізіп, бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп кетіп жатады. Қала аумағында осындай жайттарды алдын алу және болдырмау үшін рейдтік іс-шаралар ұдайы жүргізіп отырамыз. Азаматтарға сақтық шараларын қатаң ұстанып, өз өмірін қатерге тікпеуге кеңес береміз
Бұдан бөлек, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген жүргізушілер, авариялық жағдай туындатқан көлік иелерін және жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын бұзған жайт тіркеліп, тұрғындарға әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
2024 жылдың 10 айында жалпы 26-қылмыс ашып, оның ішінде ҚР ҚК-нің 296 бабы 2-бөлігімен (есірткі затын сақтау-6), ҚР ҚК-нің 297 бабы 2-бөлігімен (есірткі затын тасымалдау-3), ҚР ҚК-нің 188 бабы (ұрлық 4), ҚР ҚК-нің 190 бабы 1 бөлігімен (алаяқтық-4) , ҚР ҚК-нің 108 бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл дене жарақын салу-1), ҚР ҚК-нің 109 бабы 8 қылмыс. ҚР ІІМ 06.10.2022 жылғы №792 бұйрығын басшылыққа ала отырып, бас бостандығынан айыру мекемесңнен босатылған тұлғаларды қадағалау күшейтіліп, есепте тұратын азаматтарды баұылау күшейтіп, уақтысында еепке алып және жеке үйлерді тексеріп, ҚР ІІМ-нің 06.10.2022 жылғы №792 бұйрығы бойынша жұмыстар жүргізілді.

Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ УПИ
полиция майоры Б.Махамбетов

Бөлісу

Related posts

город Шымкент: Проводится акция «Я твой участковый инспектор»

AdiletTV

ӘДІЛДІК ҚАШАН ОРНАЙДЫ?

AdiletTV

«Байдың тойында шулаған елді өзіне ұйытып әкетті»: танымал асаба Тамара Асар жайлы естелікпен бөлісті

Leave a Comment