5.3 C
Shymkent
14 декабря, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: Әл-Фараби АПБ жыл басынан бері жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында әр түрлі тақырыпта 785 әңгіме-дәрістер мен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді.

Еліміздің ішкі тәртібін сақтау үшін еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлерінің жұмысы оңай емес. Күн сайын емес, сағат сайын қауіп-қатермен бе Тәртіп сақшылары қазір қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар адамдарды небір қауіп-қатерден құтқару¬шы да. Қоғам мен мемлекет алдында қабылдаған анттарына адалдық танытып, өзгенің өмірі үшін өз өмірлерін құрбан еткен сақшылар қаншама?! Поли¬цияның беделі – қоғамның беделі екені айқын. Бүгінде еліміздің ішкі істер органдарын жетілдіру бағытында жасалып жатқан реформалардың нәтижесінде поли¬цияның беделі көтеріліп келе жат¬қа¬ны сөзсіз. Полиция мәртебесін артты¬ра¬тын – халықпен жақын қарым-қаты¬нас жасау мен ашықтық. Кеңестік кез¬де¬гі ми¬лицияның биік беделін аласартып ал¬ған қазіргі полицияның негізгі қаруы – қызметке адалдық. Бұл орайда сақ¬шы¬-лардың арасындағы сыбайлас жемқор¬лықты болдырмау үшін арнайы бағдар¬ламалар қабылданып, Сыбайлас жемқор¬лыққа қарсы қызметтермен және қоғамдық ұйымдармен меморандумдар жасалуда.
Сыбайластықтың алдын алатын тиімді шара¬лардың бірі – мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру. Бүгінде ішкі істер органдары көрсететін 36 қызмет¬тің 30-ы, яғни 83 пайызы автоматтан-дырылған. Қызметкерлердің адамдармен тікелей байланыс жасай отырып атқарылатын көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін беру, жол жүру ережесінен емтихан қабылдау сияқты қызметтер Халыққа қызмет көрсету орталықтарына берілді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде ішкі істер органдарындағы жемқорлық қылмыстары айтарлықтай азайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақ¬стан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында: «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бо¬йынша жергілікті полиция қызметінің мейлінше тұтас реформасын жасау қажет¬тігі пісіп-жетілді. Осыған орай учас¬келік инспектордың рөліне баса мән берілетін болады», деген еді. Бұл міндеттер полиция қызметкерлеріне зор жауапкершілік жүктеп отыр.

Ішкі істер органында полиция беделін көтеруге бірден-бір әсер ететін қызметкер – учаскелік инспектор. Өйткені ол – жұртқа жақын полиция қызметкері. Кез келген оқиғаның басына бірінші болып жететіндіктен учаскелік инспектордың білімділігі мен біліктілігі өте маңызды. Осы бағыттар аясында Әл-Фараби ауданында бірқатар тың жұмыстар атқарылып келеді. Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесі штат бойынша 38-қызметкерден тұрады. Осы қызметкерлермен Әл-Фараби ауданында орналасқан білім беру мекемелері қамтылып, оларда 67493 жасөспірім білім алуда. Атап айтсақ : 29 орта мектепте 42469 оқушы, 20 колледжде 12524 студент, 25 жеке меншік мектебінде -11575 бала- оқушылар оқиды.
2024 жылдың 10 ай қорытындысымен Әл-Фараби ауданында кәмелетке толмағандармен қылмыс 32 тіркелген. (2023ж-27 қылмыс) қылмыс орын алған. 32 қылмысты 32 кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ ҚР ҚК-нің 190 бабы 2 бөлігі 4 тармағымен, яғни интернет алаяқтық бойынша 2024 жылдың 10 ай көлемінде 163 интернет алаяқтық жәйті тіркеліп, оның 43 ісі өндірістен аяқталып айыптау актісімен сотқа жолданған. 114 қылмыстық істің мерзімі ҚР ҚПК-нің 45 бабы 7 бөлігі 1 тармағымен үзілген
Жасөспірімдермен жасалып жатқан және оларға қатысты жасалып жатқан қылмыстарды алдын алудың нәтижелі амалдарының бірі — ол түнгі уақытта профилактикалық іс-шараларды жүргізу болып табылады. Бұл бағытта 1857 әкімшілік хаттама рәсімделіп, жауаптылыққа тартылды. Сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 193 жасөспірімді Шымкент қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жайғастырылды. Ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен 2024 жылдың 10 айда жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды, құқық бұзушылықтарды алдын алу бағыттарында жоғарыда айтқандай статистикалық мәліметтер көңіл қуантарлық. Әл-Фараби аудан аумағындағы кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың профилактикасының сондай-ақ, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында әр түрлі тақырыпта 785 әңгіме-дәрістер мен түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізілуде.

Бөлісу

Related posts

ҚАЗАҚ ДАСТАРХАНЫ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

AdiletTV

Шымкент қаласы: Шымкент ҚПД Тұран АПБ-на қарасты №67 УПП-де жыл басынан бері құмар ойындардан аулақ болуға т.б жұмыстар атқарылып келеді.

AdiletTV

Город Шымкент: управлением полиции Аль-Фарабийского района с начала года в целях повышения правовой грамотности подростков проводится 785 бесед-лекций и разъяснительных работ на различные темы.

AdiletTV

Leave a Comment