Шымкент қаласы Полиция департаменті «Қаратау» ауданық полиция басқармасына қарасты 10 учаскелік полиция пунктінде 10 жауапты учаскелік полиция инспекторы, 55 учаскелік полиция инспекторы қызметкері қызмет атқарады.
Қаратау аудандық полиция басқармасында басшылық еткін уақытта ауданда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Мұнан бөлек білім басқармасына қарасты мектеп оқушыларымен кездесіп, кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, қорлаудың, алаяқтық, интернеттегі қауіпсіздік сынды бүгінгі күннің өзектілігіне айналған мәселелерге қарсы келу жолдары жайында да жиі насихатталуда.
Басты мақсат коғамдық тәртіпті сақтауды және көшелердегі профилактиканы күшейту, қылмыс пен құқық бұзушылықтарды болдырмау аясында аудан аумағында тұратын тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, қоғамдық орындарда, саяжайларда, құрылыс нысандарында, базарларда, шаруа кожалықтарында, жалдамалы пәтерлерде тексеру жұмыстарын жиілетуді жұмыс тәртібінің бірінші сатысына қойған басқарманың оңды жұмысы көңіл қуантарлық.
Мәселен; Шымкент ҚПД Қаратау АПБ-ның учаскелі полиция инспеккторларымен 2024 жылдың қаңтар айының 01 мен қазан айының 31 жұлдызы аралығында, Қаратау ауданы аумағында – 15068 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.
Одан бөлек, ағымдағы жылдың 10 айында, аудан өлемінде 90-ға жуық профилактикалық, нүктелі іс-шаралар жүргізілді.
Атап айтқанда, «Таза қала», «Түнгі қала», «Жаяу жүргінші», «Автокөлік», «Қару іс-шарасы», «Қадағалау», «Қауіпсіз жол», «Құқықтық тәртіп», «Мото көлік», «Пәтер», «Қара сора іс-шарасы», «Провация», «Жасөспірім», «Тұрмыс», «Бір нүктелік іс-шара», «Антифроун, Броконер» тағы да осы сынды жұмыстар атқарылды.
Атқарылған жұмыс нәтижесінде жыл басынан аудан көлесінде 789 қылмыс орын алып, өткен жылмен салыстырғанда -3,5 пайызға төмендеген.
Оның ішінде бұрын сотты болғандар немесе соттылығы жойылмған тұлғалармен жасалған қылмыстар саны 55-тен 66-ға немесе -16,7 төмендеген.
— Отбасылық зорлық-зомбылық – бүгінгі қоғамдағы өткір мәселелердің бірі болып отыр. Ерінің әйелін соққыға жығуы қалыпты жағдайға айналып қана қоймай, одан мүгедек болып қалу немесе тіл тартпай кету жиіледі.
Оған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі мысал болмақ. Мемлекет тарапынан осы қиындықтың алдын алу үшін түрлі шаралар қабылданып жатыр.
Жуырда заң да күшейіп, отбасылық агрессорларға қолданылатын жаза түрлері ауырлады. Ұдайы атқарылған жұмыстар аясында Қаратау ауданында Полиция басқармасында жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 446 адам зәбір көріп, полициядан көмек сұраған.
Отбасының берекесін қашырған 383 тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, оның ішінде 110 тұлға сот шешімімен әкімшілік қамауға алынса, 166 адам жәбірленушіден кешірім алып, әкімшілік іс қысқартылды. Ал қалған 107 іс бойынша ескерту берілді.
Одан бөлек, 16 тұлғаға қатысты ҚР ҚК-нің 108-1 бабымен және 47 тұлғаға қатысты ҚР ҚК-нің 109-1 бабымен қылмыстық іс басталған.
Полиция қызметкерлері прокуратура, әкімшілік, денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен, психологтар және белсенді жастарлармен бірлесіп профилактикалық жұмыстарды жүргізіп, зорлық-зомбылықты басынан өткізген жәбірленушілерге көмек көрсетіп, кешенді шараларды қабылдады.
Қаратау ауданы полиция басқармасына қарасты учаскелік полиция қызметкерлері ел тұрғындарының кауіпсіздігін сақтау мақсатында кестелерге сәйкес жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Бұдан өзге ауданға карасты бірнеше учаскелік полиция пунктінің әкімшілік аумағындағы тұрғындармен кездесіп, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, интернет- алаяқтықтың тіркелген фактілері туралы, телефон алаяқтарымен сөйлесудің негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстар жүруде.
ҚАРАТУ АПБ ЖПҚБ бастығы полиция майоры
Ералыұлы Жомарт