2.3 C
Shymkent
23 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі белгіленбеген орындардағы қоқыстар мен рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Ең көп таралған құқық бұзушылықтардың бірі қоқыстарды арнайы бөлінген орындарға тастамау. Әкімшілік заңнаманы тек ұйымдар ғана емес, сонымен қатар үйлеріне немесе пәтерлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан азаматтар да бұзады.
Белгіленбеген орындарға қоқыс төгу жайттары, қаланың сырт жағына немесе қоқыс төгуге арналмаған басқа да орындарға қоқыс төгу фактілері анықталған жағдайда аталған құқық бұзушылыққа жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес шара қолданылады.
Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру — ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға — 20, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — 30, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 40, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Полиция тұрғындарды қоршаған ортаны ластамауға және табиғатқа ұқыпты қарауға шақырады. Егер сіз қалдықтарды белгіленбеген жерлерге төгу немесе құрылыс қоқысын тастау жайтының куәсі болсаңыз, дереу тиісті органдарға немесе «102» пультіне хабарласуыңызды сұраймыз. Мүмкін болса, құқық бұзушылықты смартфон немесе басқа құрылғыға тіркеп, автокөліктің нөмірін жазып алу ұсынылады, себебі бұл істі қарау кезінде дәлел ретінде қолданылады.

*****

Одно из самых распространенных правонарушений-не выбрасывать мусор в специально отведенные места. Административное законодательство нарушают не только организации, но и граждане, проводящие ремонт своих домов или квартир.
В случае выявления фактов свалки мусора в неустановленных местах, вывоза мусора за пределы города или в другие места, не предназначенные для свалки, к лицам, допустившим данное правонарушение, применяются меры в соответствии со статьей 505 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях.
Нарушение правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов, а также нарушение объектов инфраструктуры городов и населенных пунктов, уничтожение и повреждение зеленых насаждений — предупреждение или штраф на физических лиц в размере 20, субъектов малого предпринимательства или некоммерческих организаций — 30, субъектов среднего предпринимательства — 40, субъектов крупного предпринимательства — 100 месячных расчетных показателей.
Полиция информирует жителей о загрязнении окружающей среды

Бөлісу

Related posts

Шымкенттік полицейлер мерекесі қарсаңында ішкі істер органдарының зейнеткерін құттықтады

AdiletTV

Шымкентте Бірыңғай есеп күні өтті

AdiletTV

ШЫМКЕНТТІКТЕРГЕ РЕФЕРЕНДУМ БАРЫСЫНДА СЫЙЛЫҚТАР БЕРІЛДІ

AdiletTV

Leave a Comment