5.3 C
Shymkent
14 декабря, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: Абай АПБ ЖПҚ №8 тірек пунктінде «Қарасора» іс-шарасы барысында УТП қызметкерлерімен ҚР ҚК-нің 300 бабымен 3 (үш) жәй анықталды.

Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚ №8 тірек пунктінің жауапты учаскелік полиция инспекторы Амалбеков Сейфуллин Мухидинович қарамағымдағы учаскелік полиция инспекторыммен атқаратын әкімшілік аумағымыз Шымкент қаласы Қайнар бұлақ саяжайы толығымен қамтамасыз етеміз. Жалпы Шымкент қаласы Қайнар бұлақ саяжайы халық саны 35580, оның ішінде ересектер 15080, балалар- 20500 , 42 Массив, 222 көше, 6 (алты) шетелдік азаматтар.
Әкімшілік аумақта:
1 Базар,
1 Шіркеу,
3 дәріхана,
2 Бала-бақша,
50 дүкен бар.
Шымкент ҚПД Абай АПБ-ның ЖПҚ-ның №8 УПП УПИ-ларымен профилактикалық алдын алу жұмыстары бойынша 2024 жылдың 10-ай көлемінде бір шама жұмыстар атқарылды. 2024 жылдың 11-ай көлемінде профилактикалық есепке қойылған тұлғалар саны 47, арнайы профилактикалық емдеу мекемесіне 6-алкоголдік ішімідікке салынған азаматтар мен нашақорлар еріксіз емделуге орналастырылды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барасында көпшілік орында алкоголдік ішімдікті мөлшерден тыс пайдаланған 85-азамат әкімшілік жауапкершіліке тартылды.
Праватция қызметкерлерімен бірлесіп сотты болғандардың мекен-жайлары тексеріліп тұрады.
Таза қала атты іс-шара өткізу барысында қалалық жерде абаттандыру ережесін бұзған 195-азамат ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша әкімшілік жауапкершіліке тартылды.
ҚР ӘҚБтК 434 бабы бойынша яғни қоршаған ортаны ластап айналасындағыларға силамаушылық білдірген 95 -азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық бабымен хаттама толтырылды.
01.06.2024 — 30.10.2024 жыл аралғында «Қарасора» іс-шарасы барысында УТП қызметкерлерімен ҚР ҚК-нің 300 бабымен 3 (үш) жәй анықталды.
Республика көлемінде өтіп жатқан «участок» іс-шарасы барсында тұрғындармен түсіндіру түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, аумақтағы дүкендер, мектеп, бала-бақша және жанармай құю бекеттеріне учаскелік инспекторлардың визиткалары таратылып, ілінді.
Әр тоқсан сайын халықпен кездесу барысында әр түрлі мәселе қаралады, соның бірі тұрмысттық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында заңның өзгергені бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Нашақорлық – бұл адамның есірткі заттарына тәуелді болып, денсаулығына, психикасына және әлеуметтік өміріне зиян келтіретін жағдай. Бұл проблема тек жеке тұлғаның өміріне ғана емес, бүкіл қоғамға да әсер етеді. Нашақорлықтың алдын алу және онымен күресу үшін бұл мәселенің себептерін, белгілерін және салдарын түсіну маңызды. Нашақорлық туралы ата-аналарға және балаларға түсіндіру жұмысы жүргізілді.

«Абайлаңыз балалар!» атты іс-шарасы аясында мектептерде жолда жүру ережелері түсіндірілуде. Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер. Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүгішілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиіс. Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс. Осы бойынша мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ балалардың жол-көлік оқиғасының алдын-алу бойынша, төмендегідей ескертулерді сақтау керектігін айтылды.
Отбасы. Отбасындағы қарым-қатынас жасөспірім үшін, оның тұлға ретінде қалыптасуы үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие. Қазіргі уақытта көптеген отбасыларда балаларды ата-аналардың бірі, көбінесе анасы тәрбиелейді, бұл жасөспірімдерді тиісті қадағалаудың болмауына әсер етеді, оған моральдық қолдау, қамқорлық, көңіл бөлінбейді-мұның бәрі тұлғаның қалыптасуына кері әсер етеді. Қәзіргі таңда алаяқтық жәйттардың өршіп тұруына байланысты тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді яғни интернет әлеуметтік желісі арқылы алаяқтық жәйтқа тап болған жағдайда 102 немесе банк қызметкерлеріне хабарласу керек екені ескіртілді.
Бүгінде елде кеңінен белең алып жатқан интернет алаяқтық бойынша да басқармада бірқатар жұмыстар атқалылды. Интенет дамыған заманда алаяқтың құрбандары күн санап артуда, технологиямен қатар дамып отқандардың долдарын кесу әрине өте қиын. Алайда бұл бағыт бойынша да жұмысты тоқтатпаймыз. Тұрғындармен кездесу, аудан аумағына қарасты мектеп оқушыларымен, колледж және жоғары оқу орындарының студенттерімен жұмыстар жүргізіліп, тұрғындар арасында интернетлаяқтық қылмысынан сақ болу үшін жарнамалар таратылып ескеру жұмыстары жүргізілді.
2024 жылдың 11-айында жалпы 35-қылмыс ашып, оның ішінде ҚР ҚК-нің 296 бабымен 2-бөлігімен (есірткі затын сақтау -15) ҚР ҚК-нің 300 бабы 3 қылмыс, ҚР ҚК-нің 188 (Ұрлық-13)ҚР ҚК-нің 107 (Денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру-1 ) ҚР ҚК-нің 109 бабымен 3-қылымыс.
ҚР ІІМ 06.10.2022 жылғы №792 бұйрығын басшылықа ала отырып, бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылған тұлғаларды қадағалау күшейтіліп, есепте тұратын азаматтармен профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, уақытысында есепке алып және жеке үйлерді тексеріп, ҚР ІІМ-нің 06.10.2022 жылғы 792 бұйрығы бойынша жұмыстар жүргізілді.

Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚ № 8 тірек пунктінің жауапты учаскелік полиция инспекторы Амалбеков Сейфуллин Мухидинович

Бөлісу

Related posts

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

AdiletTV

Полиция есірткі сатумен айналысқан шымкенттікті құрықтады

AdiletTV

Отандық АЖ/ТҚҚ комплаенс-мамандардың алаяқтықпен күреске бағытталған жобасы Еуразия кеңістігінде үздік деп танылды

AdiletTV

Leave a Comment