10.3 C
Shymkent
25 марта, 2025
adilettv

Шымкентте «ішімдіксіз мекен» пайда болды

Шымкент қаласында Қаратау ауданы Шапырашты елдімекені – «Ішімдіксіз мекен» статусына ие болды.
«Алкогольсіз ауыл» жобасы – Шымкент қаласы полиция департаментінің нұсқамасына сәйкес қолға алынған. Қаратау ауданы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Ерлан Жакелов елдімекен тұрғындарымен арнайы жиындар өткізіп тұрады. Жиында ауылда алкогольді сусындар сатылмасын, ішімдік атаулыға жоламасын деген бастама көтеріліп, талқыға түскен. Нәтижесінде, ауыл тұрғындары бір ауыздан той-томалақ, бас қосуларда ащы сусынды жолатпаймыз деп уәделесіп, бір адамдай дауыс беріп, елдімекен бойынша алғашқылардың бірі болып – «алкогольсіз ауыл» атанды. Шапырашты елдімекенінде учаскелік полиция қызметкерлерінің күнделікті жүргізген түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде дүкендерде алкогольді сусын сатылмайтын болған. Оған дәлел, елдімекен тұрғындарының сөздері. Бұл үрдістің жалғасып келе жатқанына 3-4 жылдың жүзі болған. Ал өзімізге шекаралас жатқан Түркістан облысында да мұндай көрсеткішкетер көз қуантады. Мұнда жыл басынан бері алғашқы жарты жылдықта Түркістан облысында 30-ға жуық ауыл ішімдіктен мүлдем бас тартқан, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі. Бұл қатарға биыл Сайрам ауданындағы Ханқорған ауылы қосылып отыр. Игі бастама ауыл ақсақалдары мен ел ағаларының бастамаларымен қолға алынған.
Сайрам ауданы әкімінің орынбасары М.Әліпов Ханқорған ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауыл жастарының салауатты өмір салтына деген қызығушылығы артқанын айтты.
«Жалпы Сайрам ауданы бойынша ішімдіксіз ауыл саны 10-ға жетіп отыр. Олардың қатарында Шіркін, Ошақты, Құрлық, Таскешу, Әсіларық, Сарыарық, Тоған, Теспе, Ханқорған, Құтарыс ауылдары бар», — делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, Арыс қаласындағы — Дермене, Теміржолшы, Орманды, 40-разъезд, Бәйдібек ауданындағы — Түйетас, Жетісай ауданындағы — Алмалы, Келес ауданындағы – Шұқырсай, Мақташы, ал Мақтаарал ауданындағы – Табысты, Ордабасы ауданындағы — Аққойлы, Жусансай, Төреарық және Көлтоған ауылдары, сондай-ақ Отырар ауданындағы – Қарғалы, Сауран ауданындағы – Жүйнек, Шекербұлақ, Төлеби ауданындағы — Алғабас, Оңтүстік және Диханкөл, Қазығұрт ауданындағы – Шарбұлақ ауылы ішімдіксіз ауылдардың қатарына қосылған.Полиция ақпаратының талдауына сәйкес, қоғамдық орындарда қылмыс пен құқық бұзушылық жағдайларының көпшілігі «отты судың» әсерінен болады. Жасыратыны жоқ, алкоголизм басқаларға теріс әсер етеді және көптеген адамдардың тағдырын бұзады. Сондықтан қоғамдық орындарда мас күйде болу фактілерін анықтау және жолын кесу полицияның өзекті міндеттерінің бірі болып табылады.

Бөлісу

Related posts

Тоқаев білім және балалардың қауіпсіздігі туралы заңға қол қойды

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Заң және тәртіп: ІІМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейтуде

AdiletTV

Салалық кеңестердің құрамы бекітілді

AdiletTV

Leave a Comment