5.3 C
Shymkent
26 февраля, 2026
adilettv

2025 ЖЫЛ ШЫМКЕНТ СПОРТЫ ҮШІН ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ТОЛЫ БОЛДЫ

2025 жылы Шымкент қаласының спортшылары республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, қала спортының әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жыл қорытындысы бойынша спортшыларымыз жалпы 2275 жүлделі орын иеленді.
Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 766 алтын, 726 күміс, 783 қола медаль жеңіп алынса, Азия чемпионаттарында 103 алтын, 76 күміс, 67 қола медальға қол жеткізілді. Әлем чемпионаттары мен Әлем кубоктарында 74 алтын, 58 күміс, 55 қола медаль қоржынға салынды.
2025 жылдың 12 айында 5 Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 6 Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 35 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 125 Қазақстан Республикасының спорт шебері және 849 спорт шеберіне үміткер спортшы дайындалды. Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командаларының сапына 1240 спортшы енді, оның ішінде ересектер – 447, жастар – 447, жасөспірімдер – 346.
Халықаралық ареналарда да Шымкент қаласының спортшылары айрықша жетістіктерімен көзге түсті. Жапонияның Токио қаласында өткен Сурдлимпиада ойындарында еркін күрестен Пернеш Шадияр алтын медаль иеленсе, Рсалы Сабыржан қола жүлдеге қол жеткізді. Қытайдың Харбин қаласында өткен ІХ қысқы Азия ойындарында фристайл акробатика спорт түрінен 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алынды.
Италияның Турин қаласында өткен ХХХІІ қысқы Дүниежүзілік Универсиадада шорт-трек спорт түрінен Темірхан Айбек командалық жарыста қола жүлдегер атанды. Германияның Рейн Рур қаласында өткен ХХХІІ жазғы Дүниежүзілік Универсиадада таеквондодан 1 алтын және 1 қола медаль иеленді. Сондай-ақ «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде Шымкент қаласының спортшысы Байкумаров Марат алғаш рет «Қазақстан Барысы» атағын жеңіп алды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ — МЕГАПОЛИС, ВЫШЕДШИЙ НА НОВЫЙ УРОВЕНЬ ТУРИЗМА

AdiletTV

ФОСФОРШЫЛАР САРАЙЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТЕДІ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз