adilettv

МҰХТАР ШАХАНОВ ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНЕ ТҮСТІ

Қазақтың көрнекті ақыны әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұл туралы Мұхтар Шаханов қорының төрағасы Нұржігіт Ысқақ әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Қор басшысының айтуынша, 84 жастағы қаламгердің денсаулығы күрт сыр берген.

Нұржігіт Ысқақ өз жазбасында ақынның ұлт мүддесі жолындағы еңбегін ерекше атап өтті. Ол Шахановтың Кеңестік жүйе кезінде Кремль төрінде Желтоқсан оқиғасы туралы ақиқатты айтып, басын бәйгеге тіккен ерлігін еске салды. Қор төрағасы бүкіл қазақ елі мен түркі әлемін ақынның тез сауығып, ортамызға оралуы үшін тілеулес болуға шақырды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте: алдағы төрт жылға 115 инвестициялық жоба белгіленіп, олар арқылы 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылмақ.

Admin

ШЫМКЕНТТЕ БАСПАНА ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ АРТТЫ

Admin

Беларусьте Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Көгілдір күмбез құпиясы» көрмесі ашылды

Admin

Пікір қалдырыңыз