adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Регион Спорт Түркістан

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 17 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

«Шардара Армспорт» клубының спортшылары Үндістанда өткен әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, ересектер арасында Қазақстан ұлттық құрамасының жалпыкомандалық есепте жеңіске жетуіне орасан зор үлес қосты.

Үндістанның Нью-Дели қаласында армрестлингтен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Әлемдік деңгейдегі дүбірлі додаға 63 мемлекеттен 1700-ден астам спортшы қатысып, күш сынасты. Нәтижесінде жерлестеріміз 17 алтын медаль жеңіп алып, туған жердің абыройын асқақтатты.
Айта кетерлігі, ересектер арасында Қазақстан Ұлттық құрамасы әлем чемпионатында жалпы 10 алтын медаль жеңіп алса, соның 7-еуін Шардараның саңлақ спортшылары иеленді.
Бұл – «Шардара Армспорт» клубының әлемдік деңгейдегі жоғары әлеуетін, спортшыларымыздың мықты дайындығы мен бапкерлер еңбегінің жемісін айқын көрсететін зор жетістік. Осылайша, Түркістан облысының спортшылары Қазақстан Ұлттық құрамасының жалпыкомандалық жеңіске жетуіне өлшеусіз үлес қосты.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН 140 САРБАЗ ҮЙІНЕ ҚАЙТТЫ

Admin

4 ЖЫЛДА 2,2 ТРЛН. ТЕҢГЕНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

ЖАҢА МИНИСТР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Admin

Пікір қалдырыңыз