10.3 C
Shymkent
25 марта, 2025
adilettv

ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ЖАҢА ДЕМАЛЫС ОРНЫ САЛЫНУДА

Абай ауданының Қайнарбұлақ тұрғын алабында өткен жылы жаңадан мәдениет үйі ашылған еді. Онда түрлі іс шаралар ұйымдастырылып, мәдениет мекемесі тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізетін орынға айналды.

Елді мекен тұрғындары үшін тағы бір қуанышты жаңалық – қазіргі таңда мәдениет үйінің жанынан жаңа сквер салынып жатыр. Демеушілер есебінен жүргізіліп жатқан жоба ауданның көркін арттырып, тұрғындардың демалуына және әлеуметтік іс-шаралар өткізуге ыңғайлы орын болмақ. Өткен жылы жаңа мәдениет үйі тұрғындар игілігіне берілсе, ендігі ретте мекеме аумағын абаттандыру жұмыстары атқарылуда. Жоспар бойынша нысан құрылысы биыл аяқталады.

Шаһарда шалғайдағы елді мекен тұрғындарының өмір сапасы мен мәдениетін көтеруге бағытталған бастамалар, жобалар одан әрі жалғасын табады.

Бөлісу

Related posts

Гори всё синим пламенем: чья халатность погубила 14 жизней

Шымкент қаласы: студент жастармен және ҮЕҰ өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында кездесу өтті

AdiletTV

Хабарландыру

AdiletTV

Leave a Comment